Дүйсенбі, 5 Қазан 2026
1949 0 пікір 2 Ақпан, 2024 сағат 14:30

Шымкентте терроризмді насихаттау бойынша күдікті қолға түсті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен 1 ақпанда Шымкент қаласында терроризмді насихаттау бойынша күдікке ілінген Түркістан облысының тұрғынын ұстады.

Тергеу материалдары бойынша ол террористік топтардың жағында ұрыс іс-қимылдарына қатысу үшін Сирияға кетуді жоспарлаған.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша фигурантқа қатысты қылмыстық іс тергеліп, тергеп-тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 731
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1027