Жексенбі, 24 Қараша 2024
965 0 пікір 5 Ақпан, 2024 сағат 17:10

Қырғызстан билік жүйесіне жасанды интеллект енгізіуде

Сурет: knews.kg

Қырғызстанда мемлекеттік мекемелер жұмысына жасанды интеллект енгізе бастады. Ел мұндай өзгеріске дайын емес деп есептейтіндер де бар.

Кейінгі бірнеше аптада Қырғызстанда мемлекеттік органдардың басшылары мекеме жұмысына жасанды интеллект енгізіп жатқаны туралы мәлімдеген.

Мәселен, үкімет басшысы Ақылбек Жапаров салықты есептеуге жасанды интеллект қолданылады десе, ҰҚМК төрағасы Қамшыбек Тәшиев азаматтарды табиғи апаттардан хабардар ету үшін осындай жүйеге сүйенетінін айтқан.

Бір жыл бұрын президент әкімшілігі ақпаратты қырғыз тілінде өңдейтін NVIDIA "суперкомпьютерін" таныстырған. Жасанды интеллект қырғыз тілін қолдана бастағаны туралы жарияланған. Енді қырғыз тілінде чат-бот ашу қолға алынған.

Қырғызстан жасанды интеллект саласында елеулі жетістіктерге жеткені жөнінде 1 ақпанда Digital Almaty «Industry X: цифрлы эволюция» форумында айтылған.

Қырғыз делегациясының өкілі Азамат Буржуев Азаттыққа берген сұхбатында жасанды интеллект Қырғызстанның мемлекеттік басқару жүйесіне енетінін мәлімдеді. Мақсат – мемлекеттік қызмет сапасын арттыру. Алайда бұл саланы жетік түсінетін мамандар аз.

Заңгер Фатима Якупбаева заң жүйесіне жасанды интеллект енгізу қауіпті екенін мәлімдеді. Оның пікірінше, робот-судья сот актілері негізінде анализ жасай отырып, әділетсіз шешім қабылдауы мүмкін. Заңгер ЖИ енгізу демократиялық қоғам мүдделеріне сай болғаны дұрыс деп есептейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572