Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
2448 2 пікір 5 Ақпан, 2024 сағат 17:21

«Майқайыңдағы» апат: Іздеу жұмыстары тоқтатылды

Сурет: Павлодар облысы ТЖД

«GRP-RIDDER-GROUP» ЖШС жүргізген зерттеу нәтижелері ойық түбінде топырақ құрылымы өзгеріп, әлсірегенін анықтады. Астындағы қуыстар мен бос кеңістіктердің құлау қаупі өте жоғары. Бұл туралы inform.kz жазды. 

Төтенше жағдайлар қызметкерлері аталған учаскеде қандай да бір тау-кен, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу құтқарушылар мен мамандар үшін үлкен қауіп төндіріп тұрғанын айтады.

«Апатты жою жөніндегі басшының орынбасары - КӘАҚҚ РШО Павлодар филиалы директорының орынбасары Ерлан Жарқымбеков құтқарушылардың, экскаватор машинистерінің өміріне қауіп төнуіне байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады», - деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен.

Осыған байланысты «Майқайыңалтын» АҚ басшылығы ӘҚҚБ РҚШ ҚҚ-мен бірлесе отырып өнеркәсіптік қауіпсіздік, тау-кен, геологиялық жұмыстар саласындағы сарапшыны кеніш аумағына шақырды. Маман апаттың барлық периметрін тексеріп шыққан соң, іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыру немесе толық тоқтату туралы қорытынды шығарылады.

Қазіргі уақытта Павлодар облысы ТЖД барлық күштері мен құралдары жұмыс жүргізіліп жатқан жерде тұр.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1014
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2552
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 706
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 675