Әскери реформа: Ұлттық жауынгерлік дәстүр дәуірі...
ПОЛИЦИЯДАҒЫ ШЕНДІК РЕФОРМА ҚОЛҒА АЛЫНА МА?
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен құқық қорғау органдарындағы қазіргі әскери шендер мен арнаулы атақтар жүйесі — толығымен дерлік кеңестік, түптеп келгенде ресейлік әскери-бюрократиялық модельдің көшірмесі. «Лейтенант», «капитан», «майор», «полковник», «генерал» секілді терминдер мен олардың «аға» (старший), «кіші» (младший) болып бөлінуі ұлттық болмысымыз бен әскери тарихымыздың тамырына біте қайнаса жанаспайды.
Тарихи тұрғыдан алғанда, Ұлы Дала өркениетінің әскери құрылымы ондық жүйеге (онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңбасы, түменбасы) негізделген. Оған қоса, сарбаз бен сардар институттары айбынды әскердің берік діңгегі болды. Бүгінгі таңда бұл атауларды заманауи армия мен полицияның құрылымына бейімдеп, шендік реформа жасау — әскери идеологияны деколонизациялаудың басты шарты болып табылады.
ҚАЗІРГІ ШЕНДЕР МЕН ҰСЫНЫЛАТЫН ҰЛТТЫҚ БАЛАМАЛАР КЕСТЕСІ
Реформаны сәтті жүзеге асыру үшін бұрынғы кеңестік/ресейлік модельді үш негізгі деңгейге (қатардағы курам, кіші мен аға сардарлар, жоғарғы қолбасшылар) бөліп, ондық жүйені бейімдеу қажет:
Қазіргі әскери шен (Кеңестік модель) – Рядовой / Ефрейтор; Ұсынылатын ұлттық әскери шен– Сарбаз / Аға сарбаз; Әскери/Полициялық лауазымдық баламасы –Қатардағы сақшы / аға сақшы.
Қазіргі әскери шен (Кеңестік модель) – Младший сержант / Сержант; Ұсынылатын ұлттық әскери шен – Кіші Онбасы / Онбасы; Әскери/Полициялық лауазымдық баламасы – сақшы онбасы (10 сақшыға жауапты) Онбасы сақшы орынбасары.
Қазіргі әскери шен (Кеңестік модель) – Старший сержант / Сержант-майор; Ұсынылатын ұлттық әскери шен – Аға Онбасы; Әскери/Полициялық лауазымдық баламасы– Онбасы сақшы (30–50 жауынгерге жауапты), Елубасы сақшының орынбасары.
Қазіргі әскери шен (Кеңестік модель) – Младший лейтенант / Лейтенант; Ұсынылатын ұлттық әскери шен– Кіші Елубасы / Елубасы; Әскери/Полициялық лауазымдық баламасы – Елубасы сақшы
Қазіргі әскери шен (Кеңестік модель) – Старший лейтенант / Капитан; Ұсынылатын ұлттық әскери шен – Аға Елубасы / Кіші Жүзбасы Әскери/Полициялық лауазымдық баламасы –Жүзбасы сақшы.
Қазіргі әскери шен (Кеңестік модель) –Майор; Ұсынылатын ұлттық әскери шен –Жүзбасы; Әскери/Полициялық лауазымдық баламасы Мыңбасының орынбасары.
Қазіргі әскери шен (Кеңестік модель) – Подполковник; Ұсынылатын ұлттық әскери шен – Аға Жүзбасы; Әскери/Полициялық лауазымдық баламасы – Мыңбасы сақшы (100–300 сақшы)
Қазіргі әскери шен (Кеңестік модель) – Полковник Ұсынылатын ұлттық әскери шен – Мыңбасы; Әскери/Полициялық лауазымдық баламасы – Полк / Бригада командирі (1000 жауынгер) Дивизия / Корпус қолбасшысы Жасақбасы сақшы.
Қазіргі әскери шен (Кеңестік модель) –Генерал-майор / Генерал-лейтенант; Ұсынылатын ұлттық әскери шен – Кіші Сардар / Сардар; Әскери/Полициялық лауазымдық баламасы –Дивизия / Корпус қолбасшысы Қосынбасы сақшы.
Қазіргі әскери шен (Кеңестік модель) –Генерал-полковник / Генерал армии; Ұсынылатын ұлттық әскери шен –Аға Сардар / Түменбасы; Әскери/Полициялық лауазымдық баламасы –Әскер түрінің қолбасшысы / 10 000-дық әскер Түменбасы сақшы.
Қазіргі әскери шен (Кеңестік модель) – Маршал / Қорғаныс министрі Ұсынылатын ұлттық әскери шен Бас Сардар (Бас Қолбасшы) / Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы
РЕФОРМАНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Әскери деколонизация: Ресейлік және кеңестік терминологиядан арылу — Қазақстанның ішкі меншікті қауіпсіздік пен идеологиялық суверенитетін нығайтады.
Иерархияның қарапайымдылығы мен түсініктілігі: «Онбасы», «Елубасы», «Жүзбасы», «Мыңбасы» атаулары әскери шеннің артында қанша сарбаз бен қандай жауапкершілік тұрғанын бірден аңғартады. Мұндай логика әскердегі дезориентацияны жояды.
Армия мен полицияның беделін арттыру: Ұлттық кодқа негізделген шендер әскери қызметшілер мен полиция қызметкерлерінің патриотизмін, өз елінің тарихына деген мақтанышын арттырады.
Сарбаз пен Сардар институты: Қатардағы құрамды «Сарбаз», ал офицерлік құрамды «Сардар» деп атау — қазақы жауынгерлік психологияны қайта тірілтеді.
ІСКЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМДЕРІ МЕН КЕЗЕҢДЕРІ
Заңнамалық базаны жаңарту: «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» және «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңдарына тиісті түзетулер енгізу.
Ауыспалы кезең (2–3 жыл): Бастапқы кезеңде құжаттарда бұрынғы шендер мен жаңа атауларды қатар қолдану (мәселен: Мыңбасы (полковник)).
Атрибутика мен айырым белгілерін (погон) реформалау: Шендермен бірге погондардағы жұлдызшалар сияқты кеңестік символиканы ұлттық орнаменттермен, оймыштармен және «Тұмар», «Қайрақ», «Айбалта» сияқты әскери белгілермен алмастыру.
Abai.kz