Жексенбі, 24 Қараша 2024
1036 0 пікір 5 Ақпан, 2024 сағат 17:24

Елімізде 600 адам ата-ана құқығынан айырылды

Сурет: egov.kz

Былтыр елде бала тәрбиесіне немқұрайлы қараған 6 мыңнан астам адам профилактикалық есепке алынған, деп хабарлайды 24.kz.

Арнайы комиссия оларға қатысты 1800 істі қарады. Соттың шешімімен 600 адам ата-ана құқығынан айырылды. Тағы 340 адамның құқығы шектелген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі брифингте айтты. Ведомство өткен жылдың соңында мемлекеттік органдармен бірлесіп, жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу және көмек көрсету әдістемесін жасапты. Соның аясында олардың қауіпсіздігін қамту шаралары күшейтіліп жатыр.

- Жасөспірімдер арасында бопсалауға қатысты 40 дерек анықталды. Әр өңірде зорлық-зомбылықпен күресу және алдын алу үшін әкімдіктер жанынан ведомствоаралық мобилді топтар жұмыс істейді. Соңғы 10 жыл ішінде кәмелет жасқа толмағандарға қатысты құқықбұзушылық деректері 3 есе азайды. Олардың қауіпсіздігі одан әрі басты назарда болады, - дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Әсет Оспанов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570