Ауыт Мұқибек. Білмеймін, қазақ десе, несі барын...
ПИҒЫЛЫН ҮКІМЕТТІҢ БІР БАЙҚАДЫҚ
Тартыстар болуы да мүмкін әлі,
Ұлы көш Қазақ елін бір сынады!
Есімін атап тұрып шеттегі елдің,
Кешірім сұрайтын да күн туады.
Менде де болған емес мұндай шабыт,
Отырдым өлеңімді тынбай салып.
Көрдік қой Мәжілістің әуселесін,
Пиғылын Үкіметтің бір байқадық.
Білмеймін, қазақ десе, несі барын,
Өшірмек болды бір сәт Көшім әнін.
О заман, бұ заманда кім көріпті,
Дәл мұндай министрді беті қалың!?
Кеткен соң қаһарланып халқым қатты,
Сенат тез Үкіметтің артын жапты.
Ел болдық деп жүрсек біз, әлі күнге,
Кесірі бодандықтың сарқылматы.
Қала ма бүйте берсең баға, нұсқаң,
Басшыда болу керек шамалы ұстам!
Бір жолға қалды-ау, әйтеу, Құдай сақтап,
Масқара бола жаздап Қазақстан!
Астана
11.11.2013
ШЕТТЕГІ ҚАЗАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ҮШІНШІ ЖЫР
Саған жұмыс кім істер, мен істемей,
Шабамын кеп өр демей, еңіс демей.
Көші - қонның заңының әр тармағын,
Шағатұғын боп алдым шемішкедей.
Мерзімінен Ұлы көш кешікті деп,
Жатыр аздап түйінін шешіп, міне.
Сендер үшін кіретін Астанада,
Есікті де білемін, тесікті де.
ПИҒЫЛЫН ҮКІМЕТТІҢ БІР БАЙҚАДЫҚ
Тартыстар болуы да мүмкін әлі,
Ұлы көш Қазақ елін бір сынады!
Есімін атап тұрып шеттегі елдің,
Кешірім сұрайтын да күн туады.
Менде де болған емес мұндай шабыт,
Отырдым өлеңімді тынбай салып.
Көрдік қой Мәжілістің әуселесін,
Пиғылын Үкіметтің бір байқадық.
Білмеймін, қазақ десе, несі барын,
Өшірмек болды бір сәт Көшім әнін.
О заман, бұ заманда кім көріпті,
Дәл мұндай министрді беті қалың!?
Кеткен соң қаһарланып халқым қатты,
Сенат тез Үкіметтің артын жапты.
Ел болдық деп жүрсек біз, әлі күнге,
Кесірі бодандықтың сарқылматы.
Қала ма бүйте берсең баға, нұсқаң,
Басшыда болу керек шамалы ұстам!
Бір жолға қалды-ау, әйтеу, Құдай сақтап,
Масқара бола жаздап Қазақстан!
Астана
11.11.2013
ШЕТТЕГІ ҚАЗАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ҮШІНШІ ЖЫР
Саған жұмыс кім істер, мен істемей,
Шабамын кеп өр демей, еңіс демей.
Көші - қонның заңының әр тармағын,
Шағатұғын боп алдым шемішкедей.
Мерзімінен Ұлы көш кешікті деп,
Жатыр аздап түйінін шешіп, міне.
Сендер үшін кіретін Астанада,
Есікті де білемін, тесікті де.
Көбейсе елім күмбірлеп күй тұрмас па,
Тырмыспайды шығам деп битім басқа,
Сені келсін дегендер түгел досым,
Келмесе екен дегендер итім қасқа.
Толсын иен қазаққа жерім қалың,
Шырқалсын бір асқақтап төрімде әнің.
Жүрегіміз соғады бір ырғақпен,
Менің қаным бойдағы – сенің қаның.
Көрем барлық әкемдей кәриясын,
Қызғыштайын қорғаған жанұясын.
Шежіресін өткеннің шертер болса,
Сарқылмайтын о, олар дәрия шын.
Еңбегімді тұрғам жоқ бұлдап саған,
Әр үлкенің ағамдай қымбат маған.
Ешкім бетін ашпайтын «Егеменді»,
Жазды ма деп Көш жайлы күнде ақтарам.
Құрақсыңдар кіргізер өзен көркін,
Ішіндегі сол елдің сезем дертін.
Келіншектер майысып шай құятын,
Не қарындас, не әпке, не жеңгемсің.
Жатыр сені сарғайып дала күткен,
Үзбей әлі ертеңге қара үмітпен.
Кемпірлердің барлығы анам менің,
Менің балам шулаған бала біткен...
Сол қазақтан қаштық - ау қара басып,
Бер демейді ет о, олар саған асып.
Жүргені бір бақыт қой бөріктерін,
Сарыарқаның бораны ала қашып.
Паналайтын табылар қара лашық,
Бітті - ау сұмдар жандағы жараны ашып.
Жүргені бір қызық қой құжаттарын,
Алатаудың самалы ала қашып.
Көп қой бізде мұннан да, аннан қашқан,
Келеміз ғой соған бір таңғалмастан.
Жақсы емес пе даңғырлап сөйлегені,
Жүрісі де көшеде маң - маң басқан.
Тастап қойған жарамас күн қақтатып,
Өзі - ақ ашып алады қымбат кәсіп.
Сәні тіпті артпай ма ауылымның,
Жүрсе арулар үкісін бұлғақтатып.
Ауылыңның естілсе күй тұсынан,
Сергімей ме уланып ми қышыған.
Меңіреу жатқан даланы шұбырған Көш,
Ойатпай ма бір сәтте - ақ ұйқысынан...
Қандас үшін болмасқа неге шүлен,
Айырмайық құлынды енесінен.
Шетте бір тал қалмастан келсін қазақ,
Жусан исі бұрқырап денесінен!?
08.11.2013
Астана
ҚАЗАҚСТАН
Кешіргін, Отан, кей - кейде,
Басып бір кетем гөй - гөйге!
Мұқағали
Тулап бір басылғанда мына жалған,
Мен сені Жаратқаннан сұрап алғам.
Азаттық – Абылайдан қалған арман,
Жетпесе көмбесіне тына ма арман?!
Көп соқты алай - дүлей заман желі,
Асқынып кеткендей бір ғалам кегі...
Тигізбей табаныңды жерге сенің,
Келеміз әлпештеумен содан бері.
Мақтап та жатырмыз ғой, мақтанып - ақ,
Болма сен сөз ұқпайтын ақпа құлақ.
Тиісіп кете ме деп түнде біреу,
Мен сені ұйықтаймын жастанып ап.
Ешқашан сындырмаймын сағыңды мен,
Сен үшін жайып қойған жаным кілем.
Бір жаққа барсам алыс сапар шегіп,
Қалтамның түбіне сап алып жүрем.
Бола біл қазақ үшін «елпек бала»,
Қыңбайтын құйын тұрып, жел соқса да.
Ерген де жарамайды ел соңынан,
Берген де дұрыс емес шелпек бола!
Өмірде бола бермес шаттық кілең,
Азапты тартудай - ақ тарттық, білем!
Әлі алыс ғасырларға жорық жасап,
Мен сені тасырқамас ат қып мінем.
Қалдырма шетте жүрген мол жұртты иен,
Жоқ па ана Ақордаңда сондық киең?!
Батыстан бет қаритын ызғар соқса,
Мен сені қаусырынып тон ғып кием!
Көп болса бір тілдегі бір текті жан,
Ұшпай ма көк аспанға шырқап қыран.
Шығыстан шықса айдағар ысқырынып,
Мен сені алдаспан қып сілтеп тұрам!..
Тастама жерге ақынның тілегін сен,
Шықпайын жылап саған, күле кірсем!
Сен маған қолымда өскен баладайсың,
Әкемін жас жағынан біле - білсең.
Көзіңді қойып анау бақырайтып,
Мен саған кетем кейде ақыл айтып.
Санайтын халықпыз біз өзін асқақ,
Қарайтын хан бетіне жасымай тік.
Жүргенде бодандықта кеше жүдеу,
Мұң болды сені қазақ мекені деу.
Айт маған жалтақтамай, жасырмай да,
Келмесін қазақ көшіп десе біреу.
Емессің мұз бетінде жүрген шана,
Өзіңді Қазақ елі бірден сана!
Қазақтың қарсы келсе мүддесіне,
Әкесін танытамыз кім болсада!
Бақ деген келіп қонар таң қонағы,
Ол қонса, гүл жабады маң даланы.
Отаным – әжем басқан ақ кигізім,
Тұрмасаң қағып - сілкіп шаң қонады!
07.11.2013
Астана
ЕКІ АРМАН
Елі - жұрты күтеді үміт жақсы ұлдан,
Бүтінделіп келе жатыр ат - тұрман.
Кетер әкем кетіп қалған сонау жыл,
Анамды да жер қойнына тапсырғам.
Кенжесі едім зәңгі шалдың тым ерке,
Есіп түсер еркіне елі жіберсе.
Жаратқанға қолдан келер қайыр жоқ,
Ағалар да кетіп қалды тым ерте.
Ұшам десем, жол береді аспан кең,
Кәріліктен құтылмайсың қашқанмен.
Өтіп кеттім отыздан да, қырықтан,
Балаларға әке болар жастан мен.
Ешкім де жоқ беттен қағып жасқаған,
Өлеңіме өзім кейде мастанам.
Онша мені қызықтырып кетпейді,
Бұл күндері Алматың мен Астанаң.
Бұл сапарда болшаққа беталған,
Шығар алдан неше өзен мен орман.
Қайғым да жоқ төніп тұрған төбемнен,
Мазалайды мені бірақ екі арман:
Тоқтамаса екен деймін Ұлы көш,
Онсыз менің мәнді болмас күнім еш!
Далам мынау толар еді қазаққа,
Бір ерте келіп жатса, бірі кеш.
Сонан кейін берсе Құдай бір сәби,
Кетер еді бақыт әнін шырқап үй.
Түк өкініп жатбас едім біржола,
Өлең жазбай одан ары тынса ми.
Менен алыс жатса онда туыс қап,
Кімге керек, жүрген туды құр ұстап.
Қандай бақыт Көштің шығып алдынан,
Шашса жарым ақ шашуын уыстап!
Не табасың өзің биік ұшқанмен,
Мықтағанда жарысасың құстармен.
Қандай бақыт Көш алдынан шұбырған,
Жетелеп ап сәбиімді шықсам мен!
04.11.2013
Астана
Abai.kz