Жексенбі, 24 Қараша 2024
1489 0 пікір 9 Ақпан, 2024 сағат 16:10

Ресейшіл "Гүржі арманы" Грузия билігіне келді

Сурет: Sputnik / Александр Имедашвили

Грузияның президенті Саломе Зурабишвили 8 ақпанда Ираклий Кобахидзені премьер-министр ретінде тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Бейсенбі күні сәл ертерек Грузия парламенті Кобахидзе мен үкімет мүшелеріне сенім білдірген. Үкімет мүшелері арасында тек қорғаныс министрі (жаңа қорғаныс министрі Ираклий Чиковани болды) ғана ауысты. Жаңа үкіметті қолдап 84 депутат дауыс берген, 10 депутат қарсы қарсы болған.

45 жастағы Ираклий Кобахидзе 2012 жылдан бері билікте отырған "Грузин арманы" партиясынан тағайындалған жетінші премьер-министр. Оған дейін үкіметті басқарған Ираклий Гарибашвили 29 қаңтарда отставкаға кетіп, басқарушы партия жетекшісі болды.

Ақпарат құралдары басқарушы командадағы кадрлық ауыс-түйістерді былтыр жыл соңында жаза бастаған. Сол кезде "Грузин арманы" партиясының негізін қалаушы, миллиардер Бидзина Иванишвилидің саясатқа оралғаны ресми түрде айтылған. Ол партияның құрметті төрағасы атанып, партия жарғысына өзгерістер енгізілді. Құрметті төрағада партия мүшелерінің бірін премьер-министр қызметіне ұсыну құқығы бар.

Грузиядағы басты оппозициялық партия "Бірыңғай ұлттық қозғалысы" грузин билігіндегі өзгерістер басқарушы партиядағы дағдарыс мәселесін шеше алмайтынын мәлімдеді.

"Бұл миллиардердің интригасы. Ол өзін байыту үшін ғана қозғалып отыр" деді партия жетекшісі Леван Хабеишвили.

Ал Бидзина Иванишвили жуырда "жемқорлық қатеріне" тиісті шара қолданатынын айтты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5602