Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
2358 3 пікір 9 Ақпан, 2024 сағат 16:22

Досаев: Тау бөктеріндегі құрылысты ретке келтіру керек

Сурет Алматы әкімдігінің сайтынан алынды

Жел тұрмаса шөптің басы қозғалмайды: Алматы әкімі тау бөктеріндегі құрылысты ретке келтіру керектігін айтты

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев тау бөктеріндегі үйлердің құрылысын ретке келтіру керектігін атап өтті. Себебі,
бүгінде жеке тұрғын үйлердің құрылысы жай ғана хабарлау арқылы – тиісті бақылаусыз салынып жатыр.

Мегаполис басшысының айтуынша, Алматы әкімдігі бақылауды күшейту есебінен ретсіз құрылысқа қарсы күресте бірқатар ұсынысқа бастамашы болған.

"Біз ұсынысымызды енгіздік, өйткені бүгінде жеке тұрғын үйлердің құрылысы жай ғана хабарлау арқылы – тиісті бақылаусыз салынып жатыр. Техникалық шарттар автоматты түрде беріледі, сонымен қатар желілерге қалай қосылады деген көптеген мәселе бар. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Алматы әкімдігінің құрылыс үдерісін ретке келтіру бастамасын қолдауы туралы Мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Тек Алматыда емес, барлық жерде құрылысты ретке келтіру керек деп ойлаймыз. Жеке үй салу тұрғындарды өз баспанам болады дегенге ынталандыратын түсінемін, бірақ бәрі заңды әрі қауіпсіз болуы керек", – деді Ерболат Досаев.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1211
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2735
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 871
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 826