Жексенбі, 24 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 2079 6 пікір 12 Ақпан, 2024 сағат 14:00

Ұлыдержавалық шовинизм: КСРО-ның негізгі мифі

Сурет Google іздеу жүйесінен алынды

КСРО-да қызыл билік ел-жұртты имандай ұйытып сендірмек болған «пролетарлық интернационализм» болған жоқ. КСРО-ның бүкіл тарихын біз бұл – этносаралық қатынастардағы кескінсіздік пен деформациялардың тарихы деп кесіп айтар едік. Шындығын айтқанда бүгін Қызыл империя келмеске кеткен соң барша жұрт КСРО-да ешқандай интернационализм болмағанын оған керісінше, іс жүзінде антисемитизм, ұлыдержавалық шовинизм болғандығын түсіне бастады.

Сонымен қатар, КСРО өмір сүрген түрлі тарихи кезеңдерде бұл үрдіс тек күнделікті даңғазалық қана емес: белгілі бір ксенофобиялық тенденцияларды өз бойына сыйғызған мемлекеттік саясаттың сипатына ие болды. Шындығында, «пролетарлық интернационализм» деп аталатын бұл жалған коммунистік ұран ретінде ел есінде мәңгіге қалды. Егер осы бір шет елдік сөзді қазақ тіліне аударсақ, бұл әр түрлі ұлттардың арасынан шыққан «жұмысшыларының бауырластығы» деген ұғымды білдіреді.

Бірақ, осы ұранды тарихи парақтайьын болсақ, 1940 жылы КСРО Финляндияға шабуыл жасаған кезде, кеңестік пролетариатты финдік пролетариат оларды автоматтық қанжармен қарсы алып, олармен бауырластыққа барғылары келмегеніне санасы уланған кеңес жұртын шындығында да айран асыр етіп, мүлдем таң қалдырды.

Хош бұл КСРО иделогтары өзге елдегі санасы төмен жұмысшылар қауымына қаратыла сөз етілді дейік. Ал, КСРО құрамындағы ондаған халықтар – шешендер, ингуштер, корейлер, немістер, болгарлар, гректер, қалмақтар, қырым татарлары – барлығы сталиндік қуғын-сүргінге және мәжбүрлі депортацияға ұшыраған кезде «пролетарлық интернационализм» мен «халықтар достығының» барша күшін өз бастарынан өткізді.

Күнделікті деңгейде КСРО-дғыа «халықтар достығы» оны кеңес армиясының қаруымен қорғалып, ұлттық бас көтерулер қатаң жаншылып отырды. Коммунистік мемлекеттің тізгіні босаңси салысымен қанды ұлтаралық қақтығыстар орын ала бастады. Атап айтсақ: Оштағы өзбектер мен қырғыздар арасындағы қырғын, армян-әзірбайжан қақтығысы, Приднестровье және т.б. Шындығында, ешқандай интернационализм болмағандықтан «ұлттар түрмесіне» айналған КСРО тарих алдындағы дәрменсіздігін танытып құлап тынды.

1986 жылы 15 желтоқсанда Алматыға КОКП ОК мүшесі Г. Разумовский және Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Г. Колбин келді. 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Пленумында Колбин жоғары партия органдарының республикалық бірінші хатшы қызметіне ұсыныылғаны жариялады. Қазақстандағы партиялық элиталар «талқылаусыз» дауыс берді, сөйтіп, партияның барлық нормалары мен жарғысын бұза отырып, Қазақстанмен байланысы жоқ, жергілікті жағдайларды білмейтін, адам республиканың басшысы болып сайланып шыға келді. Бұл қазақ халқының мүддесін аяққа басқандық деп қабылданып, алапат наразылық туғызды.

1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қаласының жастары республиканың мүдделерін ескермеуге қарсы наразылық ретінде көшеге бейбіт демонстрацияға шықты. Наразылық шеруінде мемлекетке қарсы немесе үкіметке қарсы ұрандар болған жоқ, азаматтар өздерінің конституциялық құқығын пайдаланды, бірақ билік террор мен репрессияға жүгініп, бейбіт диалогқа барғысы келмей, демонстранттарға қарсы әскерлер мен милиция жіберді. Осылайша, Конституция мен Кеңес заңдары қайтадан өрескел бұзылды.

Билік темір шоқпармен және сапер күректермен қаруланған әскерлер мен милиция, өнеркәсіптік кәсіпорындардың орыс тілді жұмысшыларынан құралған отрядтарды қазақ демонстранттарына қарсы қасқырдай шапты. Кейбір мәліметтер бойынша, 17-18 желтоқсандағы қайғылы оқиғалар кезінде 150-ден астам демонстрант қаза тапты делінеді. Алматыда 540 адам медициналық мекемелерге, 200-ден астамы ауруханаға түсті және 1700-ден астам адам түрлі дене жарақаттарын алды.

Демонстрацияны тарату үшін сапер күректер, қызметтік иттер қолданылды, адамдарды суықта суға батырып, ұсталғандарды ұрып-соғып, жартылай жеңіл киінген көптеген адамдар қақаған суықта қала сыртына шығарылды. Демонстрацияның таратылуы туралы хабар бүкіл Қазақстанды дүрліктірді, осыған ұқсас сөздер республиканың көптеген қалаларында да өткізіліп, билік өз сабасына түсті.

Халық көтерілісін аяусыз басып жаншудың соңы қатыгез репрессияға ұласты. 900-ге жуық адам әкімшілік жазаға тартылып, 99 адам сотталса, оның ішінде түрме қабырғасында қайтыс болған 18 жастағы Қ. Рысқұлбеков бар еді. Тек осы жазалау барсында елордада жоғары оқу орындарынан 264 адам, комсомолдан 758 адам, партиядан 52 адам шығарылды. Комсомолдық және партиялық жазалар 1400-ге жуық адамға қолданылды. Ішкі істер органдарынан 1200 адам, көлік және медициналық мекемелерден 300 адам жұмыстан шығарылды. Университеттің 12 ректоры өз қызметінен кетті. Тергеу мен сот процедуралық ережелерді өрескел заң бұзушылықпен жүргізілді. Билік Сталин дәуірінен кейінгі кезеңде бұрын-соңды болмаған ұлттық интеллигенцияны қуғын-сүргін мен қудалаудың жаңа толқынын бастады.

1987 жылдың басында КОКП ОК қарар қабылдады, онда оқиға «қазақ ұлтшылдығының» көрінісі деп жарияланды. 1987 жылы жұмыс орындарына және жоғары оқу орындарына түсуге пайыздық квоталар енгізу практикасы азаматтардың ұлттық құрамына қарамастан теңдігінің конституциялық принциптерін бұзу болып табылады.

Г.Колбиннің интернационализм және қазақ тілін үйрену қажеттілігі туралы демагогиялық мәлімдемесі білімге қол жетімділіктің жабылуына және байырғы тұрғындардың беделді жұмыстардан ығыстыру, «ұлтшылдар» мен «жемқор шенеуніктерді» іздеумен қатар жүрді. Соған қарамастан, 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы бүкіл Кеңес Одағының саяси өмірін демократияландырудың катализаторы болғанын және КСРО халықтары үшін де, бүкіл әлем үшін де маңызды тарихи маңызы барын атап өткен жөн. Сонымен қатар, бұл бұрынғы КСРО аумағында қалыптасқан саяси жүйеге қарсы алғашқы демократиялық көтеріліс болды, ол қазақ халқының тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізуіне жол ашты.

Хрущев ана тілін үйренудің ерікті екенін жариялады, содан кейін Брежнев русификация саясатында тағы бір қадам жасады — ол орыс тілін ұлттық республикалар үшін мемлекетаралық тіл ғана емес, республикалардың өздері мен тұрғындары үшін мемлекеттік тіл деп жариялады. Оның үшінші қадамы ұлтқа қарсы емес: жаңа тарих тұжырымдамасына сүйене отырып, кеңестік тарихшыларды орыс емес халықтардың бүкіл тарихын қайта жазуға мәжбүр еткен Брежнев басшылығы болды. Жаңа тарихи тұжырымдама тек анти-ғылыми ғана емес, сонымен қатар ашық анти-тарихи болды.

Жоғарыда аталған үш тұжырымдаманың негізін құрайтын үш қағида ұсынылды: бірінші қағида — барлық орыс емес халықтар патшалық империяға өздері ерікті түрде қосылды; екінші қағида — бұған қарсы тұрған ұлт-азаттық қозғалыстар реакциялық қозғалыстар болды; үшінші қағида — бұл халықтардың ескі патша империясына енуі олар үшін тарихи прогрессивті әрекет болды.

КСРО құрылуының 60 жылдығына арналған баяндамасында Андропов барлық ұлттардың бір ұлтқа бірігуі туралы большевизмнің ескі утопиялық тезисін өзінің ұлттық бағдарламасының басты нысаны етіп алды. Тіпті Лениннің өзі көп ұлтты Ресейді басқарған кезде оны тез қабылдаған тезисін жасады. Алайда, ол қайтыс болғаннан кейін, Сталин мен оның мұрагерлері осы «алғашқы ленинизмге» оралды.

Керімсал Жұбатқанов,

тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5613