Жапаровтың жауап ретінде жазған хатын 12 ақпанда оның баспасөз хатшысы Асхат Алагөзов жариялады.
Жапаров онда Блинкеннің хаты «еліміздің ішкі ісіне араласу белгілері байқалады» деп жазған. Президенттің пікіріне, үкіметтік емес ұйымдар мен коммерциялық емес ұйымдар АҚШ пен Еуроодақтан ғана қаражат алып отырған жоқ.
Президент «шетел өкілдері туралы» заң жобасы АҚШ-тың 1938 жылы қабылдаған шетел агенттерін тіркеу туралы заңына ұқсайтынын атап өткен.
«Сол себепті заңды сұрақ туады: сендерде бар, ал бізде неге болмауы тиіс?» деп сұраған Жапаров.
Блинкен қырғыз президентіне хат жазып, «шетел өкілдері туралы» заң жобасына қатысты мәселе көтергені 7 ақпанда мәлім болған. Хат биыл 17 қаңтарда жолданған.
Жогорку Кеңеш 2023 жылғы қазанда «шетел өкілдері туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. 2024 жылғы қаңтардың аяғында құжат парламенттің конституциялық заңнама жөніндегі комитетінде екінші оқылымда мақұлданды.
Abai.kz