Жексенбі, 24 Қараша 2024
Қазақстандық синоптиктер: 3297 3 пікір 12 Ақпан, 2024 сағат 16:32

Қыс - 32 градус аяз, жаз + 40 градус ыстық болады...

Фото: 24.kz

Синоптиктер Қазақстанда 13, 14 және 15 ақпанда ауа райының күрт өзгеріп, суытатынын болжады, - деп хабарлайды Abai.kz тілшісі.

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр аралас қар түріндегі жауын-шашын жауады. Ал еліміздің солтүстік облыстарында қатты қар, бұрқасын, көктайғақ, сондай-ақ батыста ауа температурасы 5 градус аяз – 5 градус жылы, солтүстік, орталық, шығыс облыстарда 5 градус аяз – 2 градус жылыға дейін көтеріледі деп күтіледі.

"Айдың ортасына қарай циклон Қазақстан аумағынан шығып, оның орнын арктикалық антициклон басады, оның әсерінен республиканың солтүстік жартысында аяз болады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде 15 ақпанға қарай ауа температурасы түнде 22-32, күндіз 15-27 градус аязға дейін төмендейді деп күтіледі. Елдің қалған бөлігінде температура фонында күрт өзгерістер күтілмейді", - делінген хабарламада.

Қыс суық болса, жаз ыстық болады деген тәмсіл бар. Синоптиктер, 2024 жылдың жазы 40 градусқа дейін ыстық болады деп күтуде.

Бұл туралы тіптен төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов та мәлімдеді.

"Қазгидромет мәліметінше, жазда орташа температура 19-23 градус болады және 40 градусқа дейін және одан да жоғары көтеріледі. Былтыр ауа температурасының көтерілуі, кей күндері 40-44 градусқа дейін жетіп өрт қаупін тудырды. Мысалы, Семейде", - деді Сыздықов.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5641