Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2952 0 пікір 6 Қараша, 2013 сағат 18:01

Жастарға жүктелер жауапкершілік мол

Маңғыстау облысының 40 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ауылым – алтын бесігім» атты жастар керуені Бейнеу ауданында болып өткен еді. 

Ұстаздар үйінде аудан жастары, жас мамандар бас қосқан жиында Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Бауыржан Тұяқов сөз сөйлеп, еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуы жолындағы жастардың рөліне, жастар саясатына қатысты жүзеге асырылып жатқан мәселелерге кеңінен тоқталды.

– Жастарға жүктелер жауапкершілік мол, сонымен қатар жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қатысты көптеген мүмкіндіктер бар. Біз бүгінгі бас қосуымызда жастардың қажеттілігі, жастардың міндеттері, еңбекті ұйымдастыру мен жарқын идеялар жөнінде
ой-пікірлерімізді ортаға салмақшымыз. Ал жастарға мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау жөнінде айтсақ,«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының өз өлкемізде жүзеге аса бастауын айтар едік. Алдағы уақытта Ақтау қаласында үш жүзге тарта жас отбасы баспаналы болмақшы, - деді ол.

Келесі кезекте «Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ МОФ бірінші санаттағы маманы Алия Кушерова жастардың баспана алуына байланысты берілетін несие шарттарын және бұл мақсатта банкте жүргізілетін жұмыс бағыттарын жиналғандарға егжей-тегжейлі түсіндірді. Сондай-ақ Бейнеу аудандық жұмыспен қамту орталығының бас маманы Ришад Жолдыбаев жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту мақсатында атқарылып жатқан істерге тоқталып, кәсіптік біліктілікті арттыру, қайта даярлау және кәсіпкерлік іс бастағысы келетін жастарға мемлекет тарапынан көп көмек көрсетіліп жатқанын, осындай мүмкіндіктерді пайдалану қажеттілігін назарға ұсынып, «Жастар практикасы», әлеуметтік жұмыс орындары жайлы айтты.

– «Жас келсе іске» демекші, жастар қайда жұмыс бар, сол жерге барып жұмыс істеуді үйренуі керек. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысындағы Рейдер қаласына жастарды жұмысқа шақырады. Баспана беріледі, тұрақты жұмыс болады. Міне, мұндай мүмкіндіктен біздің ауылымыздың жастары құр қалмауы керек,- деді ол.

Жиналысты Бейнеу аудандық жастар ісін үйлестіру орталығы директорының міндетін атқарушы Расул Тайшыбаев қорытындылап, жастар өміріне қатысты орамды ой пікірлерін ортаға салды. Бұл басқосу жастар үшін пайдалы болды дер едік.

Осындай жиындар ауданның Боранқұл, Ақжігіт, Сарға ауылдарында да өтті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417