Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2772 0 пікір 4 Қараша, 2013 сағат 18:59

Қазақстан мен Ресей мұнай компанияларының өзара ынтымақтастығы артып келеді

Жуырда облыс әкімі А.Айдарбаевтың төрағалық етуімен өңіріміздегі мұнай өндіруші компаниялардың басшылары және «Татнефть» ААҚ басшылығымен мәжіліс болып өтті.  

Бұл басқосуға қонақтар жағынан «Татнефть» ААҚ бас директоры Шафагат Фахразович Тахаутдинов бастаған делегация жəне облыс əкімінің орынбасарлары С.Алдашев, Р.Əміржанов «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры М. Ибағаров, «Ақтау теңіз порты» ЕЭА директоры Ə.Төлегенов қатысты.

Татарстан елінен келген қонақтарға хош келдіңіздер айтқан облыс əкімі А.Айдарбаев: -Қазақстан мен Ресей мұнай компанияларының өзара ынтымақтастығы біз үшін маңызды,- деді.

– Екі елдің арасындағы мұндай іскерлік байланыстар тұрақты сипат алып келе жатыр. Өткен жылдың желтоқсан айында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының мұнайшылары Татарстанға барып келген. Төрт күнге созылған сол сапарында Қазақстан мұнайшылары Ресей мұнайшыларының кенішті жарақтандырудан бастап сервистік қызмет көрсетуге дейінгі жағымды іс-тəжірибелерін көріп қайтқан болатын.

Жақында біз сіздермен Ақтауда кездесіп, өзімізді қызықтыратын мəселелер бойынша кең көлемді жиын өткіздік. Біз Татарстан мұнайшыларының тəжірибесін жоғары бағалаймыз жəне басталған ынтымақтастықты жалғастырып, одан əрі кеңейте беруге дайынбыз,- деді өңір басшысы.

Бұл жиындағы сөз болған басты мəселелердің бірі, татарстандық əріптестеріміз мұнай өндіру ісіне қолданып жүрген экономикалық тұрғыда үнемді болып табылатын тиімді энерготехнология.

«Татнефть» ААҚ Бас директоры Шафагат Тахаутдинов техникалық инновацияны енгізу, технологиялық талаптарды қатаң сақтау мұнай компанияларының табысты жұмыс істеуінің маңызды факторы екенін атап көрсетті. – Бұл салада біздің ондаған жылдар бойы жинақтаған тəжірибеміз бар, біз солармен бөліскіміз келеді,- деді ол.

Ынтымақтастық шеңберінде «Татнефть» ААҚ мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы арасында өткен жылдың соңында өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылған. Қазіргі таңда осы меморандумға сəйкес «Татнефть» ААҚ мен «Өзенмұнай» АҚ арасында 5 келісім шарты жасалды.

«ӨзенМұнайГаз» АҚ Бас директоры М.Ибағаров: - Жасалған келісім шарттарды ақшаға айналдырғанда 628 млн. теңгені құрайды. Осы келісім шартқа сəйкес 20 дана шынжырлы жетек, пайдалану колонналарын тазалайтын қондырғылар мен басқа да құрал-жабдықтар əкелінеді. Қазіргі таңда «ӨзенМұнайГазда» ұзын қадамды шынжырлы жетек инновациялары енгізілуде. Қазіргі таңда АҚ-да бұл қондырғылардың 9-ы енгізілді.

Соңғы 10-15 жылдағы «Татнефтінің» тəжірибесінен шынжырлы жетектің мұнай өндіру ісіндегі тиімділігі айқын. Бұл қондырғылар мұнай өндіру ісіндегі тербелмелі (качалка) станоктарды алмастырады. Шынжырлы жетек қондырғылары жерасты мұнай қондырғыларының пайдалану мерзімін едəуір ұзартады. Кейінгі 2015-2017 жылдары компания жыл сайын қосымша 200 шынжырлы жетек қондырғыларымен жарақтандырылатын болады. Сөйтіп компания 4-5 жылдың
ішінде пайдаланудағы қондырғыларының 25-30 пайызын ауыстырып шығады.

«Татнефть» пен «ӨзенМұнайГаз» компаниялары техникалық инновациялардан басқа техникалық қызметкерлерді оқыту ісін де ынтымақтастық жолға қоюда. Жасалған келісім-шарттың шеңберінде алдағы жылдың бірінші жартысында «ӨзенМұнайГаздың» 96 инженер-технологтары Ресейде қосымша оқып, біліктіліктерін көтеретін болады.

«Татнефть» 70 жылдан астам мұнай өндіру саласында еңбек етіп келе жатқан белгілі кəсіпорын. Онымен іскерлік байланыс жасап, тəжірибе алмасу біздің мұнайшыларымыз үшін де пайдалы болмақ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351