Жексенбі, 24 Қараша 2024
1308 0 пікір 16 Ақпан, 2024 сағат 13:39

Қазақстанның басым бөлігінде аяз болады

Сурет: ашық дереккөзден

Еліміздің солтүстік пен шығыс аймақтарында ауа температурасы 38 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Abai.kz.

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, онымен бірге аяз сақталады, тек республиканың оңтүстік-шығысында 17 ақпанда атмосфералық фронттардың өтуімен қар жауады, таулы аймақтарда – қалың қар, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Республиканың солтүстік және шығыс бөлігінде ауа температурасы түнде 30-38, күндіз 20-28 градусқа дейін төмендейді. Еліміздің оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 15-25 градусқа дейін төмендейді, ал таулы аймақтарда 30-35 градус аяз, күндіз 10-25 градус аяз болады деп күтілуде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5622