Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
2046 1 пікір 19 Ақпан, 2024 сағат 15:49

Қазақстан азаматын өлтірген Грузия азаматы сотталды

Сурет «Не молчи» қорының Instagram-парақшасынан алынды

2023 жылдың 21 мамырында Қазақстандық журналист Грузияның шығысындағы Кахетияда, Сагареджо ауылының маңында кісі қолынан ажал құшқан болатын.

Журналисті грузиялық азаматы Тбилисиден Кахетияға баруға үгіттеп, кейін басынан кірпішпен ұрып өлтіріп, денесін өзенге лақтырып жіберген. Оқиғаға қатысты айыпты ретінде Габриэл Хохобашвили есімді грузиялық азамат ұсталды.

11 айдан астам уақытқа созылған сот отырысы Грузияда өтті. Сот шешімі бойынша 50 жастағы Габриэль Хохобашвили 11 жылға сотталды. Алайда, арызданушы тарап бұл жазаны тым жеңіл деп санап, шешімді қайта қарау үшін шағым түсірмек.

Грузиялық адвокат Нино Андриашвилидің айтуынша, сот Габриэль Хохобашвилидің "жеке басының пайдасы үшін қасақана адам өлтіргеніне" жеткілікті дәлелдер жоқ екенін алға тартқан.

Дариға Асқар

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1340
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2913
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 991
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 925