Жексенбі, 24 Қараша 2024
1168 5 пікір 21 Ақпан, 2024 сағат 14:43

Ермұрат Бапи: Заң, заң деп әкелерді сүмірейтіп жіберген жоқпыз ба?

Сурет: klev.club сайтынан алынды

Депутат Ермұрат Бапи Жұлдыз Сүлейменовадан «Отағасы туралы» заңды қабылдауға ұсыныс білдірген. Әйелдер мен балалардың құқығын қорғау туралы заң жобасын талқылау барысында депутаттың бұл ұсынысын басқалары да  қошеметпен қолдады, деп хабарлайды Abai.kz.

– Әкелерді бұл заңмен сүмірейтіп жіберген жоқпыз ба? Осы залдағылардың көбі «Әкең келсін, сазайыңды береді» деген тәрбиемен өстік қой. Осы тұрғыда келгенде сіз қалай ойлайсыз? Ер азаматтың рөлін көтеру үшін, бәлкім, Отағасы туралы заң қабылдауымыз керек шығар? – деп сұрады Бапи Сүлейменовадан.

Сүлейменованың жауабы:

– Әке– асқар тау. Қазақтың отбасы институтында әкенің орны ерекше. Әкемен бәрі байланысады. Бірақ бұл заңда бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен әйелге жасалған озбырлыққа тосқауыл қоятын заңды көздеп отырмыз. Мен де ұлдарымыздың болашағы жайлы ойларым бар. Ел болашағын ұлдың болашағымен байланыстырған елміз. Бірақ Конститутяда ер мен әйел бөлінбейді. Қол шапалаққа байланысты бұл – бүкіл елдің сұрағы ғой. Жалпы әкелердің рөлін, отбасындағы жауапкершілігін, ерекше орнын белгілейтін заң қажет болса бірінші болып қабылдауға өзім де атсалысқым келеді, – дейді Сүлейменова.

Депутат дегенмен бүгінгі заң жалпы бүкіл азаматтарға қажет екенін айтады.

– Қоғам жаза күшейгеннен кейін жұдырық ала жүгірер алдында ойланар. Бұл құқықбұзушылықтың алдын алуды көздейді, – дейді ол.

Abai.kz.

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1492
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3261
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5584