Жексенбі, 24 Қараша 2024
1039 0 пікір 21 Ақпан, 2024 сағат 15:53

«Мәңгілік бала бейне» қойылымының премьерасы өтеді

Сурет М.Әуезов театрының сайтынан алынды

Қазақ сахна өнерiн әлемдiк деңгейге көтеріп, мәртебесiн аспандатқан, сахналық шешiмдерiнiң тереңдiгiмен жаңашыл режиссер атанған өнер тарланы Болат Манашұлы Атабаевтың бірегей қойылымы, аты аңызға айналған «Мәңгілік бала бейне» қалпына келтіріліп, көрерменіне тағы бір мәрте жол тартты.

Спектакльде адамзат әлемінің бүгінгі тағдыр-бейнесі, моделі атомдық эксперименттің объектісі болған Қарауыл ауылы өмірінің ащы ақиқаты – мүгедек қыз Ләйлә және оның әлеуметтік ортасы арқылы зерделенеді.

Қарауылдың адамгершілік барометрі, табиғи рух сәулесі Ләйлә еді. Оған өз еркімен өмірден баз кештірген атом ғана емес, адамдар да. Спектакль финалында Ләйлә-Сұлулықтың дарға асылғанын көресіз. Адамдар Сұлулықты өлтірді, демек өз тамырына балта шапты. Ләйлә өлді – Қарауыл өлді. Қарауыл өлді – қазақ өлді... Болашақ бар ма, жоқ па?! Осы бір ащы ақиқат саналарына ұрған қарауылдықтардың финалдағы музыка, реквием-хор (Карл Орфф) атмосферасындағы жанталасы ғана үміт отын себездетеді.

Негізгі идеясы: Шығарма бір ғана Ләйләнің өмірін мысалға ала отырып, Семей полигонының елге тигізген зардабын, өмір қиындықтарын, барға қанағат ету керектігін көрсетеді. Сол кездегі халық өмірі де баяндалған. Адам мінезінің әртүрлі болатындығын түсіндіреді, өзгенің өміріне күле қарамай, түсіністік танытуға шақырады.

«Мәңгілік бала бейне» - атом сынақтардан зардап шеккен полигон құрбандарының ғана өмірін емес, күллі адамзаттың қасіретін бейнелейтін шығарма. Экологиялық тақырыпқа өзгеше өң беріп, көркемдік ізденістерімен толықтырылған бұл қойылымның көздейтіні жекелеген адамдардың өмірлік құндылықтары туралы өзіндік көзқарас позициясынан қоғамға зер салу.

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

қоюшы-режиссер                                    - Б. АТАБАЕВ

қайта сахналаушы режиссер                   - Е. НҰРСҰЛТАН

қоюшы-суретші                                      - Е. ТҰЯҚОВ

режиссердің көмекшісі                           - С.ГЕНИЯРОВА

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1492
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3261
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5584