Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2372 0 пікір 18 Қараша, 2013 сағат 04:23

Интернет-конференция: Ермек Нарымбаев

Ермек Нарымбаевты оқырман қауымға таныстырып жатудың қажеті жоқ шығар деп ойлаймыз. Өйткені ол биік мәнсабымен, немесе, ғылыми-әдеби атақ-даңқымен емес, қалың көпшілікке қайтпас-қайсарлығымен, отты жігерімен, сүрінгенді сүйеп, жығылғанды демеп жүретін жанашырлығымен етене таныс азамат. Қазақстан-Өзбекстан шекара бөлінісін реттеп жатқан тұста ол әйгілі Бағыс ауылында жүрді. Сөйтіп, тапатал түсте тағдыры тәлкекке түсе жаздаған Бағыс ауылы тұрғындарының жат қолында қалмауы үшін жанұшырды. Алдан Айымбетовтың «Казахская правда» газетіне тұрақты жазып, ұлт мұратын ту етуге тәуекелі жете бермейтін жігерсіз билікті, биліктің осындай солқылдақтығын пайдаланып қазаққа әлімжеттік жасап бағатын пиығылы теріс саяси күштерді қатты сынға алды. Жастар мен зиялы қауымды баурап «Арман» атты қозғалыс құрды. Тіпті осы күрес жолында «полиция қызметкерлеріне қол жұмсады», «судьяның ар-ожданына тиді» деген қырық сылтаумен 2010 жылы маусым айында мойнына 4 жылды арқалап кетті. Еңбекпен түзеу мекемелерінде жүріп ол саммиттен саммит өткізіп «саңлақтанған» ресми Астананың тірлігіне наразылық танытып (нақтылай айтсақ, 2010 жылы желтоқсан айында Астанада өткен ОБСЕ-нің саммитіне қарсылық білдіріп) қатарынан бірнеше рет аштық та жариялады. Абақты тұтқындарының құқығын қорғап, заңсыз сотталған бірнеше азаматтың азаттық алуына септігін тигізді.

Ермек Нарымбаевты оқырман қауымға таныстырып жатудың қажеті жоқ шығар деп ойлаймыз. Өйткені ол биік мәнсабымен, немесе, ғылыми-әдеби атақ-даңқымен емес, қалың көпшілікке қайтпас-қайсарлығымен, отты жігерімен, сүрінгенді сүйеп, жығылғанды демеп жүретін жанашырлығымен етене таныс азамат. Қазақстан-Өзбекстан шекара бөлінісін реттеп жатқан тұста ол әйгілі Бағыс ауылында жүрді. Сөйтіп, тапатал түсте тағдыры тәлкекке түсе жаздаған Бағыс ауылы тұрғындарының жат қолында қалмауы үшін жанұшырды. Алдан Айымбетовтың «Казахская правда» газетіне тұрақты жазып, ұлт мұратын ту етуге тәуекелі жете бермейтін жігерсіз билікті, биліктің осындай солқылдақтығын пайдаланып қазаққа әлімжеттік жасап бағатын пиығылы теріс саяси күштерді қатты сынға алды. Жастар мен зиялы қауымды баурап «Арман» атты қозғалыс құрды. Тіпті осы күрес жолында «полиция қызметкерлеріне қол жұмсады», «судьяның ар-ожданына тиді» деген қырық сылтаумен 2010 жылы маусым айында мойнына 4 жылды арқалап кетті. Еңбекпен түзеу мекемелерінде жүріп ол саммиттен саммит өткізіп «саңлақтанған» ресми Астананың тірлігіне наразылық танытып (нақтылай айтсақ, 2010 жылы желтоқсан айында Астанада өткен ОБСЕ-нің саммитіне қарсылық білдіріп) қатарынан бірнеше рет аштық та жариялады. Абақты тұтқындарының құқығын қорғап, заңсыз сотталған бірнеше азаматтың азаттық алуына септігін тигізді. Сөйтіп «Төтенше прокуор» («Черный прокуор») атанып өзі де 2012 жылы ақпан айында бостандыққа шықты. Қазақтың нар жігіті Нарымбаев қазір заңгерлік кеңспен, азаматтардың заңды қақын қорғау мәселесімен жүр. Әуелбастағы ұстанымынан, азаматтық көзқарасынан тайған жоқ. Жуырда ол «Альянс банктің» алаяқтығын әшкере етті. Сол екіаралықта оның мініп жүрген көлігі өртке оранды...
Сонымен, мархабат, Ермек Ерсайынұлы Нарымбаев бізде қонақта. Ермек мырзаға қояр сауалдарыңыз бен өтініш-тілектеріңіз, немесе ой-пікірлеріңіз болса, әдетттегідей жолдай беріңіздер.
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435