Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1093 5 пікір 23 Ақпан, 2024 сағат 18:22

Еңбек нарығының сұранысына сай мамандарды қалыптастыру бағытын ұстанған ЖОО

Сурет ҚазҰУ сайтынан алынды

ХХІ ғасыр – білім ғасыры, білімділер ғасыры. Кезінде елбасы Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы тиістілігін баса көрсеткен болатын. Ал, ол үшін тек азаматтар ғана емес, ұйымдар мен кәсіпорындар, мекемелер, т.б. Қазақстанның өркендеуіне, қарқынды өсуіне ат салысуы тиіс. Қазақстанның жарқын болашағына баса мән беріп әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті еліміздің асыл мұраттарына қол жеткізу жолында қолынан келгенінше аянбай күресіп, Қазақстанның жасампаздығы үшін белсенді араласып жатыр.

Қазақ Ұлттық университетінің ұстанып отырған негізгі бағыты – бұл өресі кең, білімі терең, бәсекеге қабілетті, заман ағымының қиындықтарына төтеп бере алатындай жігерлі азаматтарды тәрбиелеу, мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін шаршамай күресе білетін отансүйгіш, қандай істің болмасын байыбына барып, сындарлы шешім қабылдауға қауқарлы мамандарды қалыптастыру. Тек осындай - ұстанымы биік, шынайы отансүйгіштік сезімге ие азаматтарға ғана қоғамның зор үміт артары сөзсіз. Олай болса, ҚазҰУ білікті де білімді, ойы ұшқыр, отансүйгіш азаматтарды қалыптастыра отырып, қоғамның жастарға артып отырған зор үмітінің ақталуына қатысады.   Мемлекеттің өркендеп даму талабына, қоғамдық сұранысқа жауап бере алатындай азаматтарды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін университеттің түрлі ғылыми-тәжірибелік мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін жақсы ғылыми әлеуеті бар.

Қандай білім ордасы болмасын оның бәсекеге қабілеттілігі түлектерінің деңгейімен өлшенері хақ. Тарихы терең, тағылымы мол әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттіқ университетінде білімге сусындаған, ҚазҰУ-інен түлеп ұшқан күні кешегі студенттер бүгінде бірқатар республикалық мемлекеттік қызметтерді атқарып, ұлттық қауіпсіздік және құқық қорғау органдарында, халықаралық ұйымдарда қызмет етуде. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і кең салалы білім беру ордасы болып табылады. Онда азаматтарға әр түрлі бағытта (ғылыми, оқытушылық, экономикалық, құқықтық, медициналық, халықаралық ...) терең білім алып, білімді ді білікті маман ретінде қалыптасуына барша мүмкіндіктер жасалған. Қазақ ҰУ-де біліп алып, бәсекеге қабілетті, біліктілігі жоғары маман болып өмір кеңістігіне ұшу үшін шетелдік білімқұмар азаматтарға да оқып, білім алуға жағдайлар жасалған. Университетте шетелдік студенттердің оқып, кәсіби білімін қалыптастыруы үшін, білімін шыңдауы үшін үш тілде білім алу мүмкіндіктері жасалған. Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - еліміздегі ең таңдаулы білім беру шаңырығы, жоғары оқу орындарының бірі.

ҚазҰУ-нен түлеп ұшқан оның түлектері университеттің білікті, кәсіби оқытушыларынан алған сапалы, терең білімнің нәтижесінде еңбек жолында, ғылым жолда қиындықтардан сүрінбей өтіп, бүгінде біразы Қазақстаннан оқуға жолдама алып шет елде білімі мен біліктілігін шыңдап, тағылымдамадан өтіп жатыр.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тек білім беру орны ғана емес, ол бірмезетте зерттеу орталығы да. ҚазҰУ-нің зерттеу университеті мәртебесін алуы жоғары білімді мамандарды даярлауға, ғылыми зерттеулердің кең спектрін жүргізуге және оларды одан әрі коммерцияландыру жөніндегі міндеттерді іске асыруға бағытталған шараларды күшейтті.

Жоғарыда атап көрсетілгендерден байқайтынымыз, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті қырандай күшті қанатты, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты ұрпақты қалыптастыруға бекем бел буған. Демек, ҚазҰУ Қазақстанның болашағының жарқын болуы үшін еліміздің ұлттық жоғары білім беру жүйесін нығайтуға айтарлықтай үлес қосады және өзінің халықаралық деңгейде әлемнің үздік зерттеу университеттерімен теңесе алатын жетекші білім беру орталығы ретінде танылуына әрі дамыған бәсекеге қабілетті ғылыми-зерттеу мекеме ретінде халықаралық мойындалуына ұмтылады.

Тамырын тереңге салған Қазақстанның алғашқы жоғары оқу орындарының бірі болып табылатын әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ осы уақытқа дейін талай ұрпақтың көкірек көзін ашқан, жастардың санасын білім бұлағына айналдырған білім ордасы. Тәуелсіз мемлекетіміздің қарқынды дамуына өз үлесін қосып келе жатқан мұндай білім ошағының атауы тарих сахнасында алтын әріппен жазылары сөзсіз. Тарихы кемел әрі руханияты биік әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің алар асуы әлі алда деп сенеміз.

Жарболова А. Ж.

з.ғ.к., мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасының аға оқытушысы

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572