Ермек Нарымбаев банктердің алаяқтығын әшкерелеуде
Қоғам қайраткері әрі құқыққорғаушы Ермек Нарымбаев соңғы кездері банктердегі алаяқтық қитұрқы схеманы ашуға кірісті. Ол әуелі Kaspi bankтың астыртын несие пайыздарын ашуға ұмтылды, Facebook қолданушыларының басын құрап, жаппай талап арыз ұйымдастыруға тырысты. Сөйтіп жүргенінде, оның жеке көлігін беймәлім біреулер түнгі 3-те өртеп те кетті. Оған мойымаған Ермек өзіне қызмет ететін Альянс Банкпен ақпараттық шайқасқа кірісті. Жуықта Нарымбаев жария-мәслихат өткізіп, қаржы институттары соңғы жеті жыл бойы несиені екі еселенген пайызбен беріп келгендігін әшкере етті. Сол кездегі АО «Альянс Банк» басқарма төрағасы болған Жомарт Ертаевтың банкілік қитұрқысын «жылға пайыз» атады. Нарымбаевтың өзі де 70 мың доллар несие алып, оның 50 мыңын қайтарған, тағы да 70 мың берешек екен. Қитұрқы мынада: әлемде бар «жылдық пайыз» дегенді бізге «жылға пайыз» (процент в год) деп ұқтырып, соған сәйкес схема жасалып, пайыз еселенген. Мұндай пайызбен тек қана ломбардтар жұмыс істейді, ал, біздің елде «Альянс Банк» осы схемамен қызмет етеді екен. Ермек Ерсайынұлының айтуынша, «Альянс Банкпен» бүкіл ел азаматтары соттасып жатқан көрінеді. Мысалы бір ғана Жамбыл облысының өзінен аталған банкке 400 талап арыз келіп түскен. Екі мыңнан аса арыз бейбіт жолмен шешіліпті. Демек, қитұрқылық көрер көзге айқын.

Енді «халық қамқоры» атанған жігіт заңсыз алымдарды шегеруді қолға алмақ. Оның үлесінде кәзірдің өзінде «Альянс Банкпен» болған соттасу бар. Жағдайдың бұлай қарқын алуынан сескене бастаған әрі өз құзыретіне қол сұққанын енді ұққан Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов «Банктер мен клиенттер арасындағы дауды «қоғамдық қорғаушылар» емес, Ұлттық банк атқаруы тиіс» деп өзінің бар екені есіне енді түсті.
Abai.kz