Сенбі, 23 Қараша 2024
Алашорда 2183 3 пікір 26 Ақпан, 2024 сағат 13:37

«Қазақ және Думадағы саяси ахуал»

Сурет aldaspaninfo.kz сайтынан алынды

Менің талдағалы отырған мақалам, «Қазақ» газетінің 54 нөмірлі баспасында, 1915 жылы жарық көрген. Бұл газет, Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының редакторлығымен, Әлихан Бөкейханұлының басшылығымен баспа беттеріне шыққан еді.

Мақаланың тақырыбы: «Қазақ және Дума», 4 сәуірде жарияланды. Мақаланың негізгі мақсаты: Сол кездегі Дума депуттатарына құлаққағыс ретінде, қазақ ұлты және алаш азаматтары тарапынан сыни-пікірді жеткізу мақсатында жазылған. Біздің жобалауымызша, мақала авторы - Міржақып Дулатұлы. Өйткені, осыған дейін, осынау «Қазақ» газетінде Дума жайлы, Думадағы көтерілген мәселелер мен жағдайлар туралы Міржақып Дулатұлы сөз қозғап, мақалалар жариялаған еді. Осынау мақала – сол мақалалардың жалғасы іспеттес болып отыр.

54 нөмірлі баспадағы жарияланымда Қазақ және Дума тақырыбында сөз қозғалған еді. Көпсанды қазақ азаматтары «Дума» сөзін білсе де, оның ішкі жайы мен мән-мағынасын жақсы ұғына бермейтін. Сол себептен де, олардың ойынша, егер олардың тілектері мен сұраныстары Думаға жетсе, онда тілектері мен сұраныстары бірден орындала қалады деп пайымдады. Ал, шынтуайтына келгенде, Думаның жағдайы ондай емес болып шығады. Бұл жағдайдың екі себебі бар: Біріншіден, Дума хақында жазылған заңнаманың қуаты, Думаға сайланған депутаттардың рөліне тікелей қатысты еді. Себебі, Думаның заңнамасында жазылған нұсқаулықтар бойынша Думаның әрекеттері реттелсе, Думаға сайланған депутаттар Думаға келген тілектер мен өтінімдерді қарастырады. Қарапайым халықтың ойы бойынша, 17-ші қазандағы манифеске сәйкес, Дума қабылдаған заң тұтастай заң емес, және оның деңгейі болмайды деп көрсетілген еді. Өйткені, заң шығаратын тек Дума емес еді. Бұл туралы Ресей (сол кездегі Русия) патшалығының негізгі заңының 86-шы статясында ешбір заңнаманың Дума және Соуеттің ұнатпайынша және патшаның бекітпейінше іске аспайтындығы айтылған еді. Бұдан шығатын қорытынды: заң шығаратын тек Дума ғана емес. Яғни, кез-келген заңның шығуын үшжақты шешім арқылы Дума, Соует және патша реттейтініне көзіміз жетті. Осынау процедураны үтір-нүктесіне дейін нақтылап қарастырар болсақ, бар заңнаманы өзгерту, жоқ заңнаманы енгізу, қажетсіз немесе ескірген өзаңдарды алып тастау жөніндегі іс-әрекеттер алдымен Думаның қарастыруына келеді. Содан-соң, бұл заңнама Соуетке келіп түседі. Соует қарастырып, оны мақұлдаған соң ғана, бұл заңнама патшаға жіберіледі. Ең соңғы нүкте патшаның қолы арқылы қойылады.

Сонымен қатар, «Дума» термині әртүрлі елдердегі заң шығарушы органдарға қатысты кеңінен қолданылады. Әртүрлі тарихи және мәдени контексттерде, сондай-ақ түрлі мемлекеттерде термин әртүрлі мағынаға ие болуы мүмкін. Ең танымал «Дума» Ресеймен байланысты:

Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасы: бұл Ресей парламентінің төменгі палатасы. Ол заң шығаруға қатысады, бюджетті және басқа да маңызды мәселелерді қарастырады. «Дума» термині көбінесе қазіргі контексте осы органмен байланысты.

Ресей империясының Мемлекеттік Думасы: бұл 1917 жылғы революцияға дейін болған Ресей империясының Мемлекеттік жиналысының төменгі палатасы болды.

КСРО-дағы Дума: Кеңес Одағында ресми түрде «Дума» болған жоқ, бірақ жоғарғы заң шығарушы орган Жоғарғы Кеңес ретінде белгілі болды.

Дума басқа елдерде: Польша немесе Қырғызстан сияқты бірқатар елдерде «Дума» термині әртүрлі заң шығарушы органдарға қатысты қолданылуы мүмкін.

Ал, сол кездегі заң бекітуші органдар Дума, Соует және Патша болса, қазіргі Қазақстанның заңы — Қазақстан Республикасының Ата бұл Заңы арқылы реттеледі. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданған еді. Сондай-ақ, осынау заңнама 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады. Сонымен қатар, қазіргі Қазақстанның екі палаталы парламенттік заң шығарушы органы бар, ол мынадай бөлімдерден тұрады: Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі: бұл Парламенттің төменгі палатасы. Мәжіліс мүшелерін халық бес жылдық мерзімге сайлайды. Депутаттардың санын халық және географиялық бөлу анықтайды.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты: бұл Парламенттің жоғарғы палатасы. Сенаторлар әртүрлі облыстардың атынан өкілдік етеді және оларды Қазақстан Президенті тағайындайды, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері сайлайды. Сенаторлар Сенатта бес жыл отырады.

Екі орган да заңдарды қабылдауға, бюджетті әзірлеуге және басқа да маңызды мемлекеттік маңызы бар мәселелерге қатысады. Қазақстанда парламенттік жүйе шеңберінде нақты мәселелермен айналысатын түрлі комитеттер де бар.

Қорытындылай келсек, қазір «Дума» сөзі елдегі заң шығарушы органға сілтеме жасау үшін қолданылмайды. Қазақстанда заң шығарушы орган Мәжіліс деп аталады.

Алайда, Қазақстан мен Ресей жақын дипломатиялық және экономикалық қатынастарды қолдайды, ал қазақ халқының өкілдері екі ел арасындағы қатынастарға ықпал ету мүмкіндігіне ие. Мысалы, Ресей Думасында қазақ халқының мүдделерін білдіретін немесе Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара іс-қимылға қатысты мәселелерді талқылайтын депутаттар болуы мүмкін. Алайда, нақты қатынастар уақыт өте келе саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні - ХХ ғасырда Ресейдегі қазақ зиялыларының Думаға деген көзқарасы тарихи оқиғаларға, саяси өзгерістер мен қоғамдық тенденцияларға байланысты сыни пікірде болған еді. Қазақ зиялылары, басқа ұлт зиялылары сияқты, әртүрлі көзқарастар мен ұстанымдарға ие бола отырып, қазақтың қамын ойлап, болашағына шырылдаған еді.

Аружан Дауленхан,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналисика факультетінің 1-курс студенті

Жетекшісі: фил.ғ.к., доцент Р.С Жақсылықбаева

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5533