Жексенбі, 24 Қараша 2024
1188 1 пікір 26 Ақпан, 2024 сағат 14:51

Зеленский соғыстағы Украина шығынын жариялады

Сурет: Google іздеу жүйесінен

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен соғыстағы украин әскерінің шығынын алғаш рет жариялады.

Оның сөзінше, Ресей агрессиясына тойтарыс беру кезінде Украинаның 31 мың әскери қызметкері өлген. Зеленский жаралылар мен хабарсыз кеткендер санын айтқан жоқ.

Украина әскерінің шығынын Зеленский 25 ақпандағы баспасөз-конференциясында хабарлады.

Президент айтқан шығынға бейбіт адамдар өлімі қосылмаған.

Украина президенті бұл мәліметті ашуға құқығы бар ма, жоқ па сенімді емес екенін айтты.

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу былтыр желтоқсанда Украина әскерінде өлгендер мен жаралылар 383 мыңға жеткенін мәлімдеген.

Мәскеу соғыс шығынын жариялаған емес. Би-би-сидің Орыс қызметі мен "Медиазона" және еріктілер әртүрлі ашық мәлімет арқылы 45123 Ресей жауынгерінің өлгенін анықтаған. Жалпы шығын 113 мыңға жеткен.

Былтыр қарашада НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресей шығыны 300 мың деп көрсеткен. Зеленскийдің сөзінше, Ресей әскері өлісі бар, жаралысы бар, 500 мың адамынан айырылған. Соғысушы тараптар өз шығын азайтып, қарсылас шығын зорайтып көрсететіні байқалған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550