”Шексiз достық” шекенi қыздырмады
Жанына бiр топ нөкерiн ертiп алған Н.Назарбаев күнi кеше Екатеринбург қаласына барып қайтты. Жай бармай, Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының 10-форумына қатысты. Сөйтiп, В. Путин екеуi Қазақстан мен Ресей арасындағы ХХI ғасырдағы тату көршiлiк және одақтастық туралы келiсiмге қол қойды.
Бұл неғылған бiтпейтiн одақтастық деп отырғаныңызды өзiмiз де сеземiз. Дегенмен осы жолғы кездесудiң мәнi күштiрек болғанға ұқсайды. Себебi қол қойысып, уағдаластықты дамыту ендi президенттерден төмендеп, әкiмқараларға да жеттi.
Жанына бiр топ нөкерiн ертiп алған Н.Назарбаев күнi кеше Екатеринбург қаласына барып қайтты. Жай бармай, Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының 10-форумына қатысты. Сөйтiп, В. Путин екеуi Қазақстан мен Ресей арасындағы ХХI ғасырдағы тату көршiлiк және одақтастық туралы келiсiмге қол қойды.
Бұл неғылған бiтпейтiн одақтастық деп отырғаныңызды өзiмiз де сеземiз. Дегенмен осы жолғы кездесудiң мәнi күштiрек болғанға ұқсайды. Себебi қол қойысып, уағдаластықты дамыту ендi президенттерден төмендеп, әкiмқараларға да жеттi.
“Екiжақты кездесуден кейiн қос мемлекеттiң X аймақаралық форумы аясында өңiрлер басшылары мен әкiмшiлiктерi арасында бiрқатар келiссөздерге қол жеткiзiлдi. Яғни, алдағы уақытта 5 шекаралас облыс өзара сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және бiлiм-ғылым салаларындағы ынтымақтастықты жандандырмақ. Мәселен, Қарағанды облысының әкiмi Б.Әбдiшев пен Ресей Федерациясы Свердловск облысының губернаторы Е.Куйвашев Қарағанды облысы әкiмдiгi мен Свердловск облысы үкiметi арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастық туралы келiсiмдi рәсiмдедi. Дәл осындай құжатқа Қостанай облысының әкiмi Н.Сәдуақасов пен Свердловск облысының губернаторы Е.Куйвашев қол қойды. Ал Атырау облысының әкiмi Б.Iзмұхамбетов пен Астрахань облысының губернаторы А.Жилкин шекаралас аймақтардың сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келiсiмiн бекiттi” дейдi Ақорданың ресми сайты.
Ал ендi осындай уағдаластықтардан Қазақстанға келер қандай пайда бар? Мұны жiлiктеп көрсетiп, дәлелдеп берген адам әлi жоқ. Бiрақ ынтымақтастық, достық, татулық тақырыбында өтетiн iс-шаралар күн өткен сайын көбейiп барады. Мәселен, Кеден одағы мен Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк жиындарын былай қойғанда, Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы форумының өзi жыл сайын өтiп тұрады. Кешегi кеңестiң құрамынан шыққан елдiң ешбiрi дәл бұлайша Ресеймен әмпей-жәмпей болған емес. Тiптi туыстық жақындығы бар беларусьтiң өзi де орысқа секеммен қарайды.
– Бiз – көршiмiз, ал көршiнi таңдамайды. Бiздiң бабаларымыз осылай тiршiлiк еттi, бiз де солай тiршiлiк жасаудамыз және бiздiң ұрпақтарымыз да осылай өмiр сүретiн болады, – дедi Н. Назарбаев әлгi жиында.
Бұл сөз “Ресеймен қабысқанымыз – қабысқан, табысқанымыз – табысқан, болары болды – бояуы сiңдi” деген ойды аңғартса керек.
Ол осы екi жыл iшiнде өзiнiң тиiмдiлiгiн көрсеттi”.
Бiрақ кедендiк одақтың кiмге тиiмдi болғаны есеп-қисапқа жүйрiк экономистердi былай қойғанда, қарапайым кәсiпкерлерге де айқын көрiнiп жатыр. Ал Минскiде қоқиланған әрiптесiне әлiптiң артын бағып сөйлеудi үйреткiсi келдi ме, әйтеуiр, Ресей басшысы кедендiк одақтан кiмнiң опырып жеп жатқанын былайша нақтылады: “Кеден одағы толыққанды жұмыс iстей бастаған соң саудаға байланысты көрсеткiштер айтарлықтай жақсарды... Инвестиция да ұлғаюда: Қазақстанға салған ресейлiк инвестиция 2012 жылы миллиард долларға жуықтады, ал қазақстандықтардың Ресейге салған инвестициясы – 1 миллиард 700 миллион доллар болды”.
Көрдiңiз бе, айырма екi есеге жуық. Қазақстанның осынша қаржысы Ресей экономикасының көмейiне жұтылып кеттi деген сөз.
Естерiңiзде болса, Минскiдегi жиында Н.Назарбаев Қазақстанның ДСҰ-ға тездетiп кiруiне Ресей кедергi келтiрiп отыр деп айыптаған. Ал осыдан сәл уақыт өткен соң, Ресейдiң бiрiншi вице-премьерi Игорь Шувалов ресейлiк БАҚ өкiлдерiне сұхбат берген едi. Оның айтуынша, Еуропа одағы елдерi мен АҚШ Ресей нарығына Қазақстан арқылы кiрмек көрiнедi. “АҚШ Ресеймен келiсе алмаған жағдайларда Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiруi жөнiндегi келiссөздер кезiнде қол жеткiзуi мүмкiн. Яғни, ұшақ, тiкұшақ, ауыл шаруашылығы техникасын және автокөлiктер кiргiзуге кедендiк қорғанысқа қатысты тұста олар Ресей бас тартқан шарттарды Қазақстанға да ұсынбақшы, сөйтiп, Ресей нарығына кiрмекшi”, – деп едi Шувалов сонда.
Бұдан шығатын қорытынды: кедендiк одақ аймағын уысында ұстап отырған Ресей әл-әзiрге ДСҰ-ға кiретiн ойда емес. Өзi тұрмақ Қазақстанды да оған жуытқысы келмейдi. Себебi ДСҰ-ның есiгi ашылса, iшкi нарыққа дамыған елдердiң көлiгi мен ұшағы және өзге де техникалары лап қояды. Бұл әрине, Ресейге тиiмсiз.
Сонда орыспен тату болғаннан тапқан пайдаң қайсы? Өзiн ұлы державаның басшысы сезiнетiн В.Путин қазiр қазақ әрiптесiн өрмекшiдей шырмап жатыр. Қойылған қолдар мен басылған мөрлерде есеп жоқ. Ендi облыс басшыларының уағдаластығы былай қалып, аудан-аудан, ауыл-ауылдың басшы-қосшылары келiсiмге отырып жатса да таңданудың ретi қалды ма? Алайда аса тығыз жақындықтың шекенi қыздырмайтынын басқадан бұрын президенттiң өзi сезiп жүрген сияқты. Себебi арқадан қағысып, қошамет-қолпашпен өте шығатын жиындар Н. Назарбаевты екi сөйлеуге мәжбүр етуде. Айталық Минскiдегi жиында кедендiк одақты сылқита соққан қазақ басшысы бұл жолы мүлде басқа қиырға салып, кедендiк одақты мақтап жiбердi: “Кеден одағының аясындағы бәсекелестiк күресте алдын ала шыңдалып шығу өте маңызды.
Сансызбай НҰРБАБА
"Жас Алаш" газеті