Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2658 0 пікір 19 Қараша, 2013 сағат 04:25

Елеужан Серімов. Халықтық бақылаумен жылап көрісетін болдық

Еліміздің қай саласы да былықтан көз ашпай отыр. Әсіресе халыққа қызмет көрсету, тұтынушылық саласында келеңсіздіктер жетіп артылады. Өзіне тиісті қызметін нәшімен орындамау, іске жауапсыздық, дарақылық, халықты алдау, арбау күнділікті қатардағы құбылысқа айналып кетті. Бұрын халықтық бақылау тексеріске шықты дегенде, аза бойы қаза боп, ас батпаған талай басшыларды көріп едік. Ол кезде партиялық талап күшті болды. Жалғыз дара партия халықты ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстады. Ықтыратын да, бұқтыратын. Әйтсе де кәсіподақпен кәдімгідей санасатын. Халықтық бақылау содан тамыр тартып жатты. Арты қуыс небір дөкейлерің халық бақылауының өкілі келгенде, ақылы алтыға, ойы онға бөлініп, сағымға алданған шөл дуадағының балапанындай абдырап қалатын. Тұтыну саласындағы кемшіліктер нағыз қылмыс саналды. Қылмыс дегеніміз қоғамға/адамға келтірілген зияндылық не қауіптілік қой. Ғылыми тезге салсақ, адамға/қоғамға қауіптілік — қылмыстық қудалауды тудыратын объективті категория, қылмыстың әлеуметтік табиғаты. Әйтсе де бізге анықтама емес, маңыздысы – іс-әрекеттің белгілі бір түрінің қылмысқа жатқызылатыны айтпағамыз. Дәлірегі, тұтынушыларға дұрыс қызмет көрсетпеу де барып тұрған қылмыс. Тұтынушыларды алдау етек жайған сипатқа ие болса да, іс жүзінде ішкі істер органдарына бірлі-жарым ғана материалдар түседі. Ал халықты алдау фактісі әдетте тіркелгеннен әлдеқайда көп.

Еліміздің қай саласы да былықтан көз ашпай отыр. Әсіресе халыққа қызмет көрсету, тұтынушылық саласында келеңсіздіктер жетіп артылады. Өзіне тиісті қызметін нәшімен орындамау, іске жауапсыздық, дарақылық, халықты алдау, арбау күнділікті қатардағы құбылысқа айналып кетті. Бұрын халықтық бақылау тексеріске шықты дегенде, аза бойы қаза боп, ас батпаған талай басшыларды көріп едік. Ол кезде партиялық талап күшті болды. Жалғыз дара партия халықты ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстады. Ықтыратын да, бұқтыратын. Әйтсе де кәсіподақпен кәдімгідей санасатын. Халықтық бақылау содан тамыр тартып жатты. Арты қуыс небір дөкейлерің халық бақылауының өкілі келгенде, ақылы алтыға, ойы онға бөлініп, сағымға алданған шөл дуадағының балапанындай абдырап қалатын. Тұтыну саласындағы кемшіліктер нағыз қылмыс саналды. Қылмыс дегеніміз қоғамға/адамға келтірілген зияндылық не қауіптілік қой. Ғылыми тезге салсақ, адамға/қоғамға қауіптілік — қылмыстық қудалауды тудыратын объективті категория, қылмыстың әлеуметтік табиғаты. Әйтсе де бізге анықтама емес, маңыздысы – іс-әрекеттің белгілі бір түрінің қылмысқа жатқызылатыны айтпағамыз. Дәлірегі, тұтынушыларға дұрыс қызмет көрсетпеу де барып тұрған қылмыс. Тұтынушыларды алдау етек жайған сипатқа ие болса да, іс жүзінде ішкі істер органдарына бірлі-жарым ғана материалдар түседі. Ал халықты алдау фактісі әдетте тіркелгеннен әлдеқайда көп. Тұтыну рыногында жасалған қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтардың арасында үлкен айырма бар десек те, олар бәрібір қылмыс санатына кіреді. Алғашқысын қылмыстық, соңғысын әкімшілік құқық бұзушылық кодексімен жауапқа тартады. Басқасын айтпағанның өзінде, кейінгі жылдары лицензиясы жоқ адамның жеке медициналық практикамен, фармацевтикалық қызметпен заңсыз айналысқан, тағамдық қоспаларды (пищевые добавки) күйіп тұрған бағаға сатып, сонысымен адамның денсаулығына зиян келтірген толып жатқан «халық емшілерін» жауаптылыққа тартып жатқан ешкім көрінбейді. Электр не жылу энергиясын, газ не су құбырлары желiлерiнен газды не суды заңсыз қосу, кәрiздiк желiлерді заңсыз тарту, оларды пайдакүнемдік мақсатта пайдалану, коммуналдық төлемақы төлемеу секілді қоғамға жат құбылыстарды қылмыс емес деуге кімнің дәті барады. Қылмыскерлер табылмады дегенді желеу етіп, қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулыларды қадағалаушы прокурорларымыз жиі шығаратын болды. Әрине жетіскеннен емес. Осындайда бұрынғы халықтық бақылауды жүзеге асыратын органды жүдә сағынады екенсің...
Қазір оның орнын басқан тұтынушылар қоғамы қалт-құлт өлместің кебін киіп жүр, ақсақ ит жатып үредінің кері. Олардың дені базардан, супермаркеттерден мерзімі өткен тамақ өнімдерін анықтап, халыққа жария етумен ғана шектелуде. Бірақ оларды пысқырып жатқан ешкім көрінбейді. Толыққанды құзырет берілмегендіктен, тап бір халықты алдарқата тұру үшін жасалған ұйым дерсің. Соттарда тұтынушылық салаға қатысты істер мейлінше аз қаралады. Өйткені заңға сәйкес, тұтынушылардың құқығын қорғау бірлестіктері дүкендерге не басқа қызметтерге барып өз беттерінше тексеріс жүргізе алмайды. Тек тұтынушылардан арыз түскен жағдайда ғана арызда көрсетілген мәліметтерді анықтау үшін сол орынға барып, сауалнама жүргізу арқылы анықтайды; тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау тек сот орындары арқылы жүзеге асырылады.
«Өз қадірін білмеген тірісінде азапқа түседі» дейді қазақ. Азапқа түсіп жүрген тұтынушы халықтың өзі. Қызмет көрсетушілердің ойыншығы болып кеттік. Бізде бәрі керісінше. Қызмет көрсету мәдениеті тапшы. Бір ғана қарапайым мысал, жол көлік автобустарында тұтынушы ретінде жол ақысын төлегеніңмен, іші лас салонда отырып, жүргізуші мен кондукторлардан сөз естисің. Оларды қызметтік әдепке шақырсаң, бәлеге қалдым дей бер. «Қыртты езген жеңеді, езгенді құдайдан безген жеңеді» дейтіндей, оларға қарсы тұрар өнер бәрінің бойында қайдан болмақ, былапыт сөздер төбеңнен «тас бұлақтың суындай» құйылады-ай кеп... Тұтынушылардың құқығын қорғайды деген бірлестіктеріміз «балталымен алыссаң да, қалталымен қағыспа» деген қағидатты берік ұстанатындай. «Ит балалап сауын болмас» дейтін сөз осындайда айтылса керек, сірә. Күнделікті көріп жүрген келеңсіздіктерден көңіл пәсейіп-ақ қалады. Жуырда (13-қарашада) Елбасының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігін құру туралы жарлығы шықты. Онда 1) Бәсекелестікті қорғау агенттігінен (Монополияға қарсы агенттік) – тұтынушылар құқықтарын қорғау; 2) Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен – тағам өнімдерін өткізу саласында оның қауіпсіздігі саласын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктер; 3) Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық комитеті агентікке берілген. Жаңадан құрылған бұл агенттік осы саладағы келіссіздіктермен күресіп, сол баяғы халықтық бақылау органы деңгейіне көтеріле ала ма, жоқ па, оны уақыт көрсетер.

Қарағанды қаласы
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406