Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2495 0 пікір 13 Қыркүйек, 2009 сағат 18:56

Ерлан ӘБДІРҰЛЫ. Футболшы = камикадзе?

Өткен аптада тағы да бір кәсіпқой футболшының ғұмыры жасыл алаңда үзілді. Ал тағы бір «профи» аяқдопшы мәңгілікке мүгедек болып қалды.

Дүниеден озған - Румынияның «Дунэря» клубының бар-жоғы 19 жастағы қақпашысы Александр Ятан. Ел біріншілігінің екінші дивизионында өнер көрсететін «Дунэря» оны бірінші дивизиондағы «Астра» клубынан жалға алған екен. Бірақ Ятан марқұм жаңа командасында жөндеп ойнап та үлгермеді. Клубтың кезекті жаттығуларының бірінде өз қақпасына белгіленген пенальтиді қайтарған ол түк болмағандай орнынан көтеріліп, ойынды жалғастырған. Бірақ сәлден кейін кенеттен есін жоғалтқан Александр сұлап түскен көрінеді. Клуб дәрігерлері де, «Жедел жәрдем» де өрімдей жас қақпашыға еш көмек көрсете алмапты. Ал ауруханаға жол үстінде Александр Ятан көз жұмған. Қайғылы оқиғаға не себеп болу мүмкін екені тексеріліп жатыр.

Аяқдопшы аяғынан айырылды

Өткен аптада тағы да бір кәсіпқой футболшының ғұмыры жасыл алаңда үзілді. Ал тағы бір «профи» аяқдопшы мәңгілікке мүгедек болып қалды.

Дүниеден озған - Румынияның «Дунэря» клубының бар-жоғы 19 жастағы қақпашысы Александр Ятан. Ел біріншілігінің екінші дивизионында өнер көрсететін «Дунэря» оны бірінші дивизиондағы «Астра» клубынан жалға алған екен. Бірақ Ятан марқұм жаңа командасында жөндеп ойнап та үлгермеді. Клубтың кезекті жаттығуларының бірінде өз қақпасына белгіленген пенальтиді қайтарған ол түк болмағандай орнынан көтеріліп, ойынды жалғастырған. Бірақ сәлден кейін кенеттен есін жоғалтқан Александр сұлап түскен көрінеді. Клуб дәрігерлері де, «Жедел жәрдем» де өрімдей жас қақпашыға еш көмек көрсете алмапты. Ал ауруханаға жол үстінде Александр Ятан көз жұмған. Қайғылы оқиғаға не себеп болу мүмкін екені тексеріліп жатыр.

Аяқдопшы аяғынан айырылды

Жасыл алаңда даниялық «Нордсйелландтың» намысын қорғап жүрген Джонатан Рихтердің басына найзағай түсіп, байғұс қорғаушы өлім аузынан қалды. Дәрігерлер бір Құдайдың арқасында оның тоқтап қалған жүрегіне жан бітіргенмен, Рихтер енді ешқашан доп тебе алмайтын болды. Ақ халатты абзал жандар оның бір аяғын тізеден төмен ампутация жасамаса болмайды деп шешіпті. Не шара?..

 

 

«Мың футболшының бірі жүректен кетеді»

Жоғарыдағыдай қайғылы оқиғалардан кейін футболды қауіпті спорт түрлеріне жатқызсақ та болатын секілді ме, қалай? 2006 жылы Германияда өткен футболдан әлем чемпионатының бас дәрігері болған Вильфрид Киндерман бүй дейді:

- Көрер көзге ғана денсаулығында кінәрат жоқтай көрінетін спортшылар бар. Өлімге апарып соғатан жағдайларда негізінен футболшылардың ауруы себеп болады. Мысалы, туа пайда болған жүрек еттерінің қалыңдауы (гипертрофия), жүрек көк тамырының және еттерінің қабынуы деген сияқты...

- Мұндай жағдайда дәрігерлерді футбошылардың денсаулығын жеткілікті дәрежеде тексермегені үшін айыптауға бола ма?

- Алдымен олар футболшылардың денсаулығын тексере ме екен, соны сұраңызшы. Қазір жүрек еттерінің қалыңдауын ультрадыбыстар арқылы оп-оңай-ақ тексеруге болады. Неміс футболында мынадай жақсы бір тәртіп бар: әрбір футбол маусымы басталардан бұрын бірінші және екінші бундеслиганың ойыншылары міндетті түрде жүрегін тексертеді.

- Допингтің де жүрекке әсері бары белгілі. Өлімге алып келген жағдайларда допинг туралы сөз қозғау қаншылықты қисынды?

- Допинг - жүрек жұмысының бұзылуына, жүрек соғуының ритмінен айырылуына, тіпті жүрек ұстамасының кесірінен кенеттен өлімге де әкелуі мүмкін. Бірақ адам өлгеннен кейін оның допингтен, не басқа нәрседен екенін дәлелдеу қиын.

- Кейінгі он жылда кәсіби футболшылардың өлімі жиілеп кеткен тәрізді...

- Егер мың футболшыға шағатын болсақ, бір жылда жүрек ұстамасының кесірінен бір ойыншы көз жұмады. Физикалық ауыр соғатын кез-келген спорт түрі, егер спортшының денсаулығында ақау болса, өте қауіпті. Мысалы, мен спортшы болсам және денсаулығымда кінәрат болса, кез-келген уақытта жүрек ұстамасының кесірінен ана дүниеге аттанып кетуім ғажап емес.

- Сонда кез-келгеніміз кешке футбол ойнағымыз келсе, қазір барып дәрігерлік тексеруден өтуіміз керек қой?

- Егер спортпен тұрақты айналысатын адам болсаңыз, спорт сіздің денсаулығыңызға тек қана пайда әкеледі. Бірақ 35 жастан кейін де спортпен айналысқыңыз келсе, тексеруден өткеннің зияны жоқ. Мысалы, Германияда бір жылда шамамен жүз мың адам жүрек ұстамасының кесірінен көз жұмады. Статистикаға сенсек, олардың дені спортпен айналыспайтындар екен.

Ажал адамды алаңда аңди ма?

Назарларыңызға кейінгі 20 жылда ғұмыры футбол алаңында үзілген кәсіби ойыншылардың тізімін жариялап отырмыз.

Самюэль ОКВАРАДЖИ - Нигерия құрамасының футболшысы. Ангола құрамасымен 1989 жылдың тамызында өткен 1990 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчы кезінде ойын аяқталуға он минут қалғанда құлап түсіп, сәл кейінірек қайтыс болды. Дәрігерлер оның өліміне жүрек ақауы себеп болғанын жариялады.

Дэйв ЛОНГХАРСТ - «Йорк Ситидің» 25 жастағы шабуылшысы. Оның жүрегі 1990 жылдың қыркүйегіндегі «Линкольн Ситимен» ойын аяқталуға небары екі минут қалғанда соғуын тоқтатты.

Марко ДОС САНТОС - бразилиялық шабуылшы 2002 жылдың қазанында Перудің «Депортиво» клубына қарсы ойынға қатысып, гол соққан. Ал матч аяқталғаннан соң бірнеше сағаттан кейін 28 жастағы футболшының жүрек ұстамасы ұстап, қайтыс болды.

Марк Вивьен ФОЭ - Камерун құрамасының жартылай қорғаушысы 2003 жылы Францияда өткен Конфедерациялар кубогында Колумбияға қарсы ойында жан тапсырды. Дәрігерлердің анықтамасы - жүрек ұстамасы. Фоэ 1994 және 2002 жылғы әлем чемпионтаттарына да қатысқан болатын.

Максимилиано ПАТРИК ФЕРРЕЙРА - 2003 жылдың шілдесінде бразилиялық «Ботафогоның» кезекті жаттығуларының бірінде өзін нашар сезінген ол дереу ауруханаға жеткізіледі. Бірақ дәрігерлер де футболшының өміріне араша түсе алмаған. Макс небары жиырма жаста болатын.

Миклос ФЕХЕР - Португалияның «Бенфика» клубының намысын қорғайтын венгриялық жиырма төрт жастағы футболшы 2004 жылдың қаңтарында «Гимараеш» клубымен ойын үстінде жүрек ұстамасының кесірінен бақилық болды.

СЕРЖИНЬО - отыз  жастағы бразилиялық «Сан-Каетано» қорғаушысының жүрегі 2004 жылдың қазанында «Сан-Паулумен» кездесу кезінде дүрсілдеуін доғарды.

Хьюго КУНЬЯ - португалиялық «Лейрияның» жартылай қорғаушысы 2005 жылдың маусымында достарымен доп теуіп жүріп, кенеттен қайтыс болды. Хьюго жиырма сегіз жаста-тұғын.

Антонио ПУЭРТА - испаниялық «Севильяның» қорғаушысы 2007 жылдың 26 тамызында өткен «Хетафеге» қарсы ойында есінен танып құлап түседі. Медик мырзалар оның әупірімдеп есін жиғызғанмен, жүрек ұстамасы ұстап, қайта құлайды. Тез ауруханаға жеткізілгенмен, онда ұстама тағы қайталанып, екі күннен кейін көз жұмды.

Часве НСОФВА - Замбия құрамасының шабылшысы. 2007 жылдың тамызында Израильдің «Хапоэль» клубының сапында өнер көрсетіп жүріп, жаттығулардың бірінде жүрек ұстмасынан қайтыс болды.

Даниэль ХАРКЕ - Испанияның «Эспаньол» клубының қорғаушысы. Биылғы тамыздың 9-ы күні өз клубымен Италияда - жаттығу жиынында жүргенде жүрек ұстамасының кесірінен өмірден өтті. Кезекті жаттығудан кейін кешкі ас ішуге келмеген оны клубтастары бөлмесіне іздеп барғанда, жақында ғана «Эспаньолдың» капитаны атанған ол ес-түссіз жатқан көрінеді. Дәрігерлер қанша тырысқанмен, қорғаушы өміріне қорған бола алмады.

Бұл қаралы тізімге 2006 жылы қыркүйекте Қарағандының «Шахтерің» сапында өнер көрсетіп жүріп, жаттығу кезінде жүрек ұстамасымен ауруханаға түсіп, реанимацияда о дүниелік болған бразилиялық Нилтон МЕНДЕСТІ қосып қойыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Р.S.

Ана дүниеге барып келген кім бар, бірақ бұлардың ешқайсы да «бекер футболшы болыппыз» деп өкінбейтін шығар, сірә. Олардың кез-келгені бала күнінде жыртық бутсысына қарамай «футболшы болам!» деп таңдайы тақылдағанын ептеп болжауға болады. Орындалған мақсаттан тәтті не болсын. Футболшылардың жүрегінің бір түкпірінде ахиллестік арман жатыр деуден аулақпыз. Бірақ ақылдағыны аяққа түсіріп ойнайтын өнер деп дәріптелетін футбол классикалық матчтар һәм шедевр деп бағалауға лайық сәттерімен-ақ өзіне құмартып қоятыны өтірік пе? Сонысымен де футбол милиардтардың ойыны болар. Атамыздың әкесі тірі кезде өмір сүрген футболшылардың есімін ғана емес, соғыстан бұрынғы матчтардың есебін ұмытпай жүргенімізге не себеп?


Абай-ақпарат.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5439