Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
3426 3 пікір 4 Наурыз, 2024 сағат 17:32

Су тасқыны қаупі күтілуде

Сурет: aqmeshit-aptalygy.kz

«Қазгидромет» РМК 2024 жылғы су тасқыны бойынша негізгі болжамдарын жариялап, су тасқыны қаупі барын ескертті.

«Қазгидромет» РМК өңдеген «NASA» спутниктерінің Жерді қашықтан зондтау суреттері бойынша 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдайға сәйкес, Қазақстанның 72% аумағында қар жабыны бар. Жауын-шашын мөлшерін, қардағы су қорын, топырақтың күзгі ылғалдығы көрсеткіштерін, топырақтың қату тереңдігін, сондай-ақ өзендердің мұз режимдерін талдай отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын-ала баға берілді, - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Болжам гидрометеорологиялық бақылаулар мен өлшеу деректеріне сәйкес жасалды.

Су тасқыны қаупі жоғары өңірлерден Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстары көш бастап тұрса, Маңғыстау облысында су тасқыны қаупі жоқ.

Ал орта қауіптегі өңірлер – Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Ұлытау облыстары.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1315
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2883
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 971
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 903