Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
Билік 3528 2 пікір 11 Наурыз, 2024 сағат 17:17

Жаңа оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

Сурет: Primeminister.kz

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен оқу-ағарту вице-министрі болып - Арай Асылбекқызы Оразова тағайындалды.

Арай Оразова 1988 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін, А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтын бітірген.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2009 жылы коммерциялық құрылымда IT менеджер болып бастады.

2011 жылдан 2018 жылға дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жобалық кеңсесінің жетекші маманы, бірқатар құрылымдық бөлімшелердің бас маманы, сынаушысы, талдаушысы, бизнес-талдаушысы болды.

2018-2020 жылдары — «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ деректерді басқару кеңсесінің бас талдаушысы, жобалардың бас менеджері.

2020-2021 жылдары — ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрландыру департаменті директорының орынбасары.

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1230
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2756
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 883
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 835