Салық: Бюджетке жоспарлы қаражат түспей қалды
Қаржы министрінің мәлімдеуінше, оған Қазақстан экспорттайтын тауарлардың әлемдік бағасының түсіп кетуі әсер еткен.
Мәди Тәкиевтің айтуынша, мемлекеттік бюджетке 3 трлн 224 млрд теңге түскен. Жоспар 102,5% орындалған. Республикалық бюджетке 1 трлн 902 млрд теңге кірістер түскен. Кірістер бойынша жоспар 396 млрд теңгеге орындалмаған.
«Бұл импортқа қосылған құн салығы, корпоративтік табыс салығы және шикі мұнайға экспорттық кеден бажы. Басты себептердің бірі - негізгі экспорттық тауарларға әлемдік бағаның төмендеу үрдісі. Мәселен, биыл қаңтар-ақпанда металдардың бағасы орта есеппен 9,1%-ға төмендеген. Сондай-ақ, «Теңізшевройл» компаниясы мұнайдың экспорт көлемін 2022 жылғы желтоқсаннан 2023 жылғы қаңтарға ауыстыруына байланысты экспорттық кеден бажының салығы салынатын шикі мұнай экспорты көлемінің 1 млн тоннаға азайғаны байқалады», - дейді Тәкиев.
Бұдан басқа, жоспардың орындалмауына биыл қаңтарынан бастап 2023 жылғы қосылған құн салығы бойынша 594 млрд теңгенің 252 млрд теңге борыштарды қайтара бастауы әсер еткен.
Abai.kz