Сенбі, 23 Қараша 2024
997 0 пікір 12 Наурыз, 2024 сағат 16:50

Алматыда 1132 ғимарат қауіпті аймақта тұр

Сурет: Жанар Каримова (vlast.kz)

Алматыда 1132 жылжымайтын мүлік тектоникалық қауіпті аймақта орналасқан. Бұл туралы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы хабарлады.

"Алматы қаласының жылжымайтын мүлік объектілерін жер сілкінісіне төзімділікке тексеру мақсатындағы паспорттау аясында 2017-2018 жылдары 10 158 объект зерттелді. Оның ішінде 8137 көпқабатты тұрғын үй кешені тексерілді. Басты мақсат – Алматы қаласының жылжымайтын мүлік объектілері паспорттарының электрондық базасын объектілерді жергілікті координаттар жүйесіне геобайланыстыра және фотоматериалдарды қоса отырып, сондай-ақ, жылжымайтын мүлік объектісінің сейсмикалық төзімділігін көзбен шолып тексеру нәтижелері бойынша өзекті атрибутивтік деректерді толтыра отырып құру болды. Зерттелген жылжымайтын мүлік объектілерінің жұмыс нәтижесі бойынша тектоникалық қауіп пайда болған аймақтарда 1132 жылжымайтын мүлік толық және ішінара орналасқан", – делінген жауапта.

"Тәуекелдер" картасы ең осал жылжымайтын мүлік объектілерін, ең алдымен қала тұрғындары тұратын тұрғын үйлерді зерттеу және анықтау үшін қажет. 2024 жылғы паспорттау аяқталғаннан кейін осал (сеймотұрақсыз) объектілердің тізімі жасалады, олар бойынша қосымша техникалық тексеру туралы шешім қабылданады және осы объект бойынша конструкцияларын нығайту жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі таңда барлық көпқабатты үйлер зерттелді. Паспорттау бойынша деректер, қорытынды есеп тапсырылғаннан және барлық жұмыстар расталғаннан кейін "ҚазҚСҒЗИ" АҚ мен басқармаға қолжетімді форматта ұсынылатын болады", – деді басқарма өкілі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408