Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3232 0 пікір 14 Қараша, 2013 сағат 20:58

Серікбай Тұрымов: Жаңаөзен үшін ең маңыздысы - 2020 жылға дейінгі мерзімді қамтитын кешенді жоспар.

Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытуға елеулі үлес қосылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз мәслихаты аясында ұйымдастырылған көрмеде Жаңаөзен әкімі Серікбай Тұрымов мәлім етті.
«Қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытуға байланысты Үкімет тарапынан бірнеше мемлекеттік бағдарламалар қабылданған. Біздің қаламыз үшін ең маңыздысы - 2020 жылға дейінгі мерзімді қамтитын кешенді жоспар. Біз моноқалаға жатамыз. Осы бағыттағы бағдарлама аясында тиісті жұмыстар атқарылуда. Содан кейін кәсіпкерлікті дамытуға байланысты Үкіметпен 3 жылға арнайы жоспар қабылданды. Жалпы, осы бағдарламалар аясында қазіргі кезде қалада біраз жұмыстар жасалуда»,-деді қала әкімі.
Оның сөзіне қарағанда, кешенді жоспар негізінен әлеуметтік нысандардың құрылысын салу, жаңа жұмыс орындарын ашуға өз септігін тигізуде.
«Қаладағы үлкен әлеуметтік мәселе жұмыспен қамтуға байланысты. Атап айтқанда, «ӨзенМұнайГаз» кәсіпорнының қаланы толықтай жұмыспен қамтуға мүмкіндігі жетпейді. Себебі, Жаңаөзен халқы бүгінде 130 мыңға жуықтады. Сондықтан, мемлекеттік бағдарламалар, кешенді жоспар аясында жаңа жұмыс орындарын ашуда біраз мүмкіндіктерге қол жеткізіп отырмыз»,-деді ол.

Әкімнің айтуынша, 2012 жылы кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6 мыңның үстінде болса, қазіргі кезде 8 мыңға жуықтады. Бұл салада жұмыспен қамтылғандар 16 мыңнан асып отыр.
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1319
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2886
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 973
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 904