Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
3117 1 пікір 13 Наурыз, 2024 сағат 15:50

Бағдаршамның сары түсіне жүруге тыйым салынады!

Сурет авторы: tikhonov

Соңғы жылдары бағдаршамның сары түсі жанған кезде көліктердің тоқтамауы салдарынан  жол көлік апаттары жиілеп кеткен. Сол себептен Қазақстанның жол жүру ережесіне өзгеріс енгізілді.

Енді мегаполисте жүргізуші азаматтар бағдаршамның сары түсіне өтсе – 36 920 теңге айыппұл төлейтін болады.

Ереже әзірге Астана мен Алматы қаласының азаматтарына қатысты. Екі қалаға енгізілген ереже Шымкентке сәуір айында жетуі мүмкін.

"Жол апаттарының көбі сары белгі жанғанда болады. Бағдаршамның сары белгісі қозғалысқа тыйым салады. Ал, жыпылықтаған жасыл белгі тыйым салу белгісінің іске қосылатынын ескертеді. Мұндай заңбұзушылықтар камераға жазылып, көлік иесіне автоматты түрде айыппұл салынатын болады", – деді Астана қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің бастығы Гүлмира Шрахметова.

Аталмыш өзгеріске Шымкенттің қала тұрғындары қарсы.

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1498
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3112
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1105
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1035