Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 1494 12 пікір 14 Наурыз, 2024 сағат 18:35

Путин ядролық бопсасына тағы көшті

Сурет: comments.ua

13 наурызда Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің ядролық соғысты бастауға техникалық дайын екенін жаһанға жария етті.

Дмитрий Киселевке берген сұхбатында: «Әскери-техникалық тұрғыдан алғанда, біз, әрине, дайынбыз. Олар (яғни, ядролық күштер) үнемі жауынгерлік әзірлік жағдайында», - деді Путин.

Ресей Федерациясының басшысы осы уақытқа дейін Украинаға қарсы соғыста тактикалық ядролық қаруды қолданудың қажеттілігі болмағанын айтқан шағында Киселев Путиннің басына неге мұндай ой келмегенін сұраған кезде Ресей басшысы. «Жоқ, неге?» деп жауап бергеніне куә болдық.

Путин егер Ресейдің мемлекеттік шекарасына, егемендігі мен тәуелсіздігіне қауіп төнсе, бұл ел ядролық қаруды қолдануға мәжбүр болатынын сөз ете келе, бұған: «Біздің стратегиямызда бәрі жазылған, біз оны өзгерткен жоқпыз», - деген өзіндік ойын қосты.

Путиннің айтуынша, ресейлік ядролық үштік қазіргі уақытта әлемдегі ең заманауи болып табылады. Америка Құрама Штаттары да ядролық әлеуетін дамытуда. Егер олар ядролық сынақтар жасаса, Ресей тап сондай қадамға баратын болады.

«АҚШ-тың ядролық сынақтарын өткізу мүмкіндігі жаңа оқтұмсықтар пайда болған кезде, кейбір сарапшылардың пікірінше, оларды тек компьютерде сынау жеткіліксіз, оларды табиғи түрде сынау қажет. Бұл АҚШ-тағы белгілі бір ортадағы идеялар, олар қалқып жүр, олардың орны бар. Біз бұл туралы білеміз. Біз де бақылап отырмыз», - деді Путин.

Бірақ, біздің ойымызша, Путин ядролық қаруды пайдалануға бармайды. Оның бірнеше себептер бар.

Бірінші себеп – Путиннің сыртқы саясатының негізі – бос былшыл қоқан-лоқы. Ешікм де ұзақ уақыт «қоқан-лоқы» жасай алайды, себебі, уақыт өткен сайын басқалар оған сенуден қалады. Путин «ресейліктермен бірге жұмаққа баруға» дайын екенін айтты. Бірақ, қазір ол өзінің осы сөзін мүлдем ұмытты. Әрі оның өзінің де жұмаққа ұмтылмайтыны бек анық.

Екінші себеп – Украина жорығы Ресей армиясының әлсіздігі мен осалдығын көрсетті. Екі жыл астам уақыт өтті. Кремльдің әуелдегі жоспарының тас-талқаны шықты. Ал украиндар біртіндеп Ресей әскерінің әлеуетін зерттеп танып, сәтті қарсы шабуылдарға шықты.

Үшінші себеп – АҚШ-тың ескертуі. Путин ядролық соғыс туралы айта бастағаннан кейін АҚШ-тан ескерту алды. АҚШ баспасөзі жазғандай, Путин тактикалық ядролық қару қолданылған жағдайда оның Ресей аумағындағы барлық бункерлері жойылатынын ескертілді. Ал Ресей аумағында ондай бункерлердің он шақтысы бар екендігі жұртқа белгілі.

Төртінші себеп – Ресей армиясының күш-қуаты, жеңілмейтіндігі туралы күні-түні айтылды. Бірақ Украинадағы соғыс бұл доктринаға күмән келтірді. Сонымен қатар, НАТО әскерлерінің күші жойылған жоқ. Бір кездері «Әлемнің екінші армиясы» деп аталатындар бүгінгі таңда НАТО әскерімен күш сынасқысы келуі екіталай.

Осылайша, Путиннің «қызыл түймені басуға» батылы бармайды. Путиннің өзін-өзі сақтау инстинкті жеткілікті дамығандықтан, оның ядролық мәселеде басқа елдердің күшін сынауы екіталай.

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413