Сенбі, 23 Қараша 2024
1717 0 пікір 20 Наурыз, 2024 сағат 16:55

Астана соты Самат Әбішке үкім шыққанын растады

Сурет bugin.kz сайтынан алынды

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі 20 наурызда Азаттыққа Самат Әбішке үкім шыққанын растады, деп хабарлайды Азаттық радиосы. 

Алайда құпия іс екенін алға тартып, қай күні үкім шыққанын айтпады. Сот таратқан хабарламада Самат Әбіш "сотта кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінгені" жазылған.

Сот оның "жас балаларының болуын және оның шын жүректен өкінуін" ескеріп, жазасын жеңілдеткен. Самат Әбіш Қаңтар оқиғасынан кейін ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылған.

2022 жылы маусымда журналистер сұрағына жауап берген бас прокуратура өкілі "Самат Әбіш әлдебір іс бойынша тергеу аясында" екенін меңзеген. Былтыр шілденің соңында Самат Әбіштен "Кәрім Мәсімов пен оның айналасындағы өзге де лауазымды тұлғалар ісі" бойынша жауап алынғаны туралы хабар тараған. Ол кезде ведомство Самат Әбіштің тек қана "куәгер" екенін алға тартып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалмағанын мәлімдеген.

2023 жылы қыркүйекте Самат Әбіш Қылмыстық кодекстің "Лауазымын асыра пайдалану" бабы бойынша күдікті атанғаны белгілі болды.

45 жастағы Самат Әбіш – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы. Ол 2000 жылы ҰҚК академиясын, 2002 жылы Ресей сыртқы барлау қызметінің академиясын бітірген.

2006-2010 жылдары әділет министрлігі тіркеу комитетінің орынбасары, төрағасы, жауапты хатшысы болған. 2013-2015 жылдары ҰҚК төрағасының орынбасары болды, 2015-2022 жылдары ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364