Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3862 0 пікір 27 Қараша, 2013 сағат 08:11

Марина Жәмкенова. Жөргекпұл жаялыққа да жетпейді

Осы біздің ісімізден сөзіміз неге ұзын екен? «Халық санын көбейтуіміз керек» деп дүниеге жар саламыз да бала тууды жеткілікті дәрежеде қолдамаймыз. Бұл қалай? Бала туғанда берілетін өтемақы бізде Ресей, Беларусь, Украина секілді экономикасы біз қатарлы, тіпті бізден де төмен елдердің бәрінен аз. Мәжіліс депутаты Тұрсынбек Өмірзақовтың айтуына қарағанда, Қазақстанда бір баладан үш балаға туғанға дейін берілетін бір мезгілдік өтемақы 30 АЕК (51930 теңге) ғана. Бұл дегеніңіз, 339 доллар шамасында. Ал төртінші және одан да көп бала туғанда берілетін өтемақы 50 АЕК (86550 теңге), яғни 577 доллар. Бұл біздегі ортаңқол шенеуніктің 2-3 жолдасымен қымбат мейрамханалардың біріне бір кіріп шыққандағы шығынымен бірдей. Тоғыз ай бойы «белінен мехнат» тартып дүниеге адам әкелген ананы «қатты құрметтейтіндігіміздің» бір көрінісі осы...

Ал жоғарыда аттары аталған мемлекеттердің қай-қайсында болмасын бір жолдық өтемақы біздікінен бірнеше есе көп. 50 миллиондай халқы болса да ІЖӨ-і біздікінен аз Украина бірінші туған балаға 3500, екінші балаға 5000 АҚШ долларына тең өтемақы береді. Ал үшінші және одан кейінгі балаларға 14000 доллардан береді. Біздікінен 10 есе артық. Халқы көп болып, экономикасы бізден көп төмен болып тұрса да, соны істейді, өйткені ананың еңбегін құрметтейді. Біздікіндей құрметті құр ауызбен емес, іспен көрсеткен деген - осы!

Ал бізден әлдеқайда кедей болғанымен жан-дүниесі бай болуы керек, Беларуссия әрбір туған бала үшін 1500 доллар өтемақы төлейді екен. Халқы көп болса да Ресей әрбір туған бала үшін 3500 долларға дейін төлейді. Бұл елдердің бәрі де жөргекпұлды көбейткен сайын ана мен бала өлімінің азая түскеніне көз жеткізген. Біржолдық өтемақылық ақша деген не? Ол – дәрі, ол – қуатты тамақ, ол – жылы киім, сапалы жөргек т.б. Демек, ақша көп болса, ана мен балаға қажетті нәрселер де көптеп алынады. Соны біздің өкімет білмей ме, білгісі келмей ме? Әйтеуір ауыздарын толтырып 330 доллар бергеніне мәз.

Осындай салғырттықпен біз халық санын қалай өсіреміз? Халық Өзбекстан, Қырғызстаннан да көп көшті. Алайда 1990 жылы 20 млн. болған өзбектер қазір 30 млн-ға, 4,4 млн. болған қырғыздар 5,7 млн-ға жетті. Алғашқысының өсімі - 46, соңғысынікі - 30 пайыз. Ал біздегі өсім...

1990 жылы 16,2 млн болған қазақстандықтар 2013 жылы 16,9 млн-ға ғана жетті. 20 жылдағы өсім 3,8 пайыз ғана. Ел өсіп, экономика қарыштап дамып жатыр десек, халықтың саны неге өспеген? Біздіңше, ол өкіметтің халық санын өсіруді ауызбен ғана қолдап, іс жүзінде қолдау білдірмегендігінен. Ендеше, миллиардтап шашып, ұрланып жатқан көп қаражатты алдымен халық санын көбейтуге жұмсауымыз керек еді ғой.

Біздің жөргекпұлға берген ақшамыз 10 пәшкі памперс алуға ғана жетеді. Бұл бөбектің астын екі ай ғана құрғақ ұстауға жетеді. Баланы күтуге берілетін жәрдемақы тіпті ауызға алуға болмайтындай төмен. Ал сапалы күтім болмаса баланың ауыратыны сөзсіз. Бізде 1000 адамға шаққанда 5 жасқа дейінгі бөбектердің шетінеуі 19-ға жетіпті. Масқара! Дамыған елдердегі 1000 адамға шаққандағы осындай шығын 4-5-ден аспайды. Осындай жағдай болған соң, халқымыздың саны өсер ме? Ал оны өсіру бізге ауадай қажет.

Міне, осынау ащы фактілерді айта отырып, Мәжіліс депутаты Тұрсынбек Өмірзақов соңғы пленарлық отырыста Премьер-Министр С.Ахметовтың атына депутаттық сауал жолдап, бір жолдық өтемақыны (жөргекпұл) көтеруді қарастыруды сұрады. Сондай-ақ, ол емдеу мекемелеріне есепке тұрған аяғы ауыр әйелдерге біржолдық өтемақы енгізуді өтінді. Естір құлақ болса екеуі де өте орынды ұсыныстар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343