Жұма, 22 Қараша 2024
Бұ не мазақ? 3001 16 пікір 28 Наурыз, 2024 сағат 13:27

Диас Құзайыров Путин туралы сөзі үшін жазаланды

Коллаж: dalanews.kz

«Тіл патрульі» белсендісі, блогер Диас Құзайыров әлеуметтік желіде тікелей эфирде айтқан сөзі үшін жазаланды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл жайт құзырлы органдар әлеуметтік желілерге тексеріс жүргізу барысында анықталған.

Диас Құзайыров ұсақ құқық бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылған, сондықтан ҚР ӘҚБтК 434-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Сотта белсенді кінәсін мойындамады.

«25 наурызда көлігімде отырған кезде тікелей эфирге шықтым. Стрим кезінде «Путин құйло» дедім. Бірақ «құйло» сөзі былапыт сөз емес, қазақ тілінен аударғанда «құй, құю» дегенді білдіреді. Қазақ тіліндегі бұл сөз балағат сөз болып саналмайды», - деді белсенді.

Сондай-ақ, ол бұған дейін әлеуметтік желідегі парақшасында сот процесі туралы да айтты.

«Менен қандай сөз айттың?» деп сұрады. Қазақ тілінде «құю, құйло» деген заңды бұзатын сөз емес, әдеби сөз. Мен «сот мемлекеттік тілде болсын» дедім. Сот қазақ тілінде болып жатыр. ...Сот дұрыс шешім қабылдайды деп ойлаймын», - деді ол.

Артынша белсенді 15 тәулікке қамалатынын айтты.

«Кінәлі деп шешім шығарды. 15 тәулікке жабады. «Кінәлісіз, біз жаман сөз естідік», - деді. Мен «құй» деген қазақтың сөзі бар», - дедім. Осындай шешімдер қабылдайды біздің соттар», - деді белсенді.

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1457
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279