Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Күбіртке 2169 12 пікір 29 Наурыз, 2024 сағат 17:08

Қазақстанға төнер қауіп легі қандай? (жалғасы)

Сурет автордың жеке мұрағатынан алынды

Бірінші бөлім: Қазақстанға төнуі мүмкін қауіп қатерлер легі қандай?

(жалғасы: төртінші қауіп)

Бұл мақалада қауіпті деп санаған екі құбылысты бір арнаға біріктіріп, оны «төртінші қауіп» деп атадық. Өйткені, бұл екі мәселе бір емешекті таласып еміп жатқан егіз қозыдай проблемалар қатарына жатады... 

4. Идеологиялық‑әлеуметтік сипаттағы төртінші қауіпке қоғамдағы кедейшіліктің шектен шығуын және ұлттық дүниетанымға жат діни ағымдардың қарқынды енуін жатқызуға болады.

Бүгінгі жағдайда ондай қауіптің орын алуының өзіндік қомақты себептері бар: ол – мемлекеттің ұзақ жылдар бойы қоғамның әлеуметтік дамуына жеткілікті инвестиция құймауынан туындаған. Оның ең басты белгілері – тегін оқу мен тегін медицинаның шектелуі, әлеуметтік көмектің инфляция деңгейінен төмен болуы сияқты құбылыстарда қатты байқалды. Қате жүргізілген «алдымен экономика, саясат одан кейін» саясаты қазақ қоғамын жаппай пауперизациялануына алып келді. Яғни, адамдардың кедейленуі артып, қоғамның өзін‑өзі инвестициялау мүмкіндіктері төмендеді. Ол функцияны банктер атқара алмады. Банк тек өз пайдасын ойлап, өте қымбат пайызбен кредиттер берді. Нәтижесінде – кедейленген одан әрі кедейленді, кредит алғандар моралдік‑этикалық күйзелістерге түсті. Олар халықтың елеулі бөлігін құрап, мемлекеттік қауіпсіздік тұрғысынан күйзелісті шекке жетті. Елде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдайтын бағдарламалар дұрыс жұмыс істемеді. Кейбір іскер азаматтардың озық жобаларын ақшасы көп кландық жүйе иемденіп кетіп отырды. Бірақ, кәсіптің осы түрін ойлап тапқан адамда «кедейліктен құтылам» деген мотивация (құлшыныс) бар болса, оның бизнесін тартып алған олигархта ол жоқ еді. Өйткені, олигархияның мүддесі мемлекетілікпен байланысты емес еді. Оның мотвациясы – ел экономикасын мейлінше монополизациялау болды. Сондықтан, болашағы бар, елге пайдалы небір жақсы жобалар жөргегінде тұншығып, соңынан жойылды. Қазақстанда экономиканы нарыққа бейімдеу орын алғанымен, мемлекетті алға сүйрейтін «буржуазиялық өндірістік‑индустриялық локомотив» со күйі пайда болмады. Барлық мәселе қаржылық‑экономикалық салаға ауысып кетті. Ол құнардан «олигаполия» деп аталатын паразиттік құбыжық өсіп‑өнді.

Өз кезегінде, қоғамның идеологиялық өрісінде олигапалия мақсаттарына қалтқысыз қызмет ететін рухани платформа қажет болды. Ол функцияны осы кезде аса қарқынды дамыған дін атқара бастады. Бірақ, ғасырлар бойы қазақ халқының табиғатымен, дүниетанымымен жалғаса дамыған діннің орнына, енді оған сай келмейтін мүлде басқа бағыттағы діни наным‑сенім пайда болды. «Жаңа дін» діни фундаментализмді алға тарта отырып, Қазақстанды ислам әлемінің «жаңа орталығына» айналдыруды көздеді. Діни ортада «неохалифат» идеялары айтыла бастады. Бұл онсыз да пауперленген халыққа өте ауыр соққы болды. Осылайша, тоқтаусыз жүрген діни экспнсия өз дегеніне жетті. Осы ораза айындағы сұрақтар еліміздегі еңбекке жарамды және оған оқушыларды қосып есептегенде ораза ұстаушылардың саны 63%‑ға жеткенін көрсетті. Бұл  ұлттық санадағы құндылықтар жүйесіндегі приоритет дінде екенін білдіретін сан. Бірақ, географиялық және жер қойнауы мүмкіндіктеріне (қазба байлығына) сай қазіргі конституциялық зайырлы Қазақстанда әлдеқашан «білім құндылықтары» приоритетке ие болуы тиіс еді. Ол жүзеге аспады. Кедейленген халық дінге бет бұрды. Дінге сеніп, құдайдан сұрап  отырғанда – кәсіпкерлік пен табысты экономикалық көздердің игілігі өзгенің қолына өту мүмкіндігі еселеп артты, өтіп те жатыр...  Қоғамға құйылуы тиіс инвестиция сыртқа қашты, әлі де «тоқтады» дей алмаймыз. Ал, қоғамның өзі осындай жан‑жақты тоталды «шабуылдардан» соң, «патернализм» деп аталатын дертке шалдығатыны – тарихта қалыпты жағдай саналады...

Қазір бұл қауіп әлі толық сейілген жоқ. Оны оңалту үшін мемлекет те құрылтайлар өткізіп, кеңес құрып, бар күшін салуда. Дегенмен, болашақта жемісін беретіндей бағдарлар енді ғана қолға алынып жатыр. Ендеше, сонымен бірге қоғам да түрленіп, өз ұлттық болмысына оралуы керек. Ол – ұлттық құндылықтар жүйесінің ғылым‑мен білімге, қоғамның – азаматтық қоғамға, моралдік болмыстың – ұлттық тәрбиеге бет бұруын талап етеді. Тек сол арқылы бізде зайырлы қоғамның нышаны пайда болады, білім‑ғылым құндылығы алға шығады, мемлекет те, халық та өзіндік мәдени‑рухани келбетіне ие болады. Ал, ол, өз кезегінде елімізге үйлесімді экономикалық жобаларды қарқынды өмірге келтіріп, халықты пауперлік жағдайдан арылтады, ел еңсесін түзей бастайды. Бұл процесті мемлекет «Дін туралы» және «Тіл туралы» жаңа заманға сәйкестендірілген заңдарды қабылдаудан бастап берсе, оған халықтың сенімі арта түседі. Игіліктің көзі осында.

Әрине, осындай шиеленісті жағдайда осы жағдайдан құтқаратын Ұлттық идеология өмірге келеді деп үміттене алмаймыз. Өйткені, зайырлы құндылықтардың, яғни, ұлттық идеологияның орнығуы үшін, оның базисі толық қалыптасуы тиіс.  Яғни, халық кедейліктен біршама құтылып, оңы мен солын танып, өзінің заңды құқын қорғап, орын алып отырған әділетсіздіктерге қарсы ықпалды күрескерлікке қол жеткізіп, онымен бірге құқықтық санасын өсіруі тиіс. Әзірге оның эпизодттық сипаттары көрініс беріп қалады. Соның өзі халық тарапынан «кезекті жеңіс» деп қуанышты бағалануда. Ал, мұндай «жеңісті жағдай» мемлекетте «тұрақты қалыпқа» айналуы тиіс. Сонда ғана елімізде жүздеген жылдарға бағытталған мықты Ұлттық идеология пайда болмақ. Қазір мемлекет осындай «өлара» кезде халыққа «көмек қолын» созуы керек. Болмаса ‑ «мемлекеттік тұғырдың» іргетасы берік қаланбайды.

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1531
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3312
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5981