Бейсенбі, 15 Сәуір 2021
Жаңалықтар 2182 0 пікір 3 Желтоқсан, 2013 сағат 04:26

Бейсен Ахметұлы. «Халық қалаулыларының» қазақққа сыйы осы ма?

27 қарашада ҚР мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек, көші-қон мәселелері бойынша өзгеріс енгізу туралы» Сенат қайтарған заң жобасын қайта қарап бекітті.

Өкініштісі, тарыдай шашылған қазақтардың үмітін тағы та табанға таптап, қандастарымыздың ҚР азаматтығын алуға байланысты бұрыннан келе жатқан жеңілдіктерді алып тастады. Естеріңізге сала кетейін, 2011 жылы 22 шілдеде қолданысқа енген ҚР Азаматтық туралы заңының 16-1-бабы бойынша, «Жеңiлдетiлген тәртiппен (тiркеу тәртiбiмен), тұратын мерзiмiне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын: тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген ұлты қазақ адамдар өтініш берген күннен бастап, үш ай ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданады». Ал, егерде, "Халықтың көші-қоны туралы заң" күшіне енсе, онда Азаматтық туралы заң аяқ астында қалып, уақытша "оралман" мәртебесі берілетін бауырларымыз миграция тасқынымен Қазақстанға көшіп-келіп, немесе көшіп кетіп жатқан азаматтармен теңеседі. Мұның ақырында қазақ көші мүлде тоқтап, тоқырап қалуы мүмкін.


27 қарашада ҚР мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек, көші-қон мәселелері бойынша өзгеріс енгізу туралы» Сенат қайтарған заң жобасын қайта қарап бекітті.

Өкініштісі, тарыдай шашылған қазақтардың үмітін тағы та табанға таптап, қандастарымыздың ҚР азаматтығын алуға байланысты бұрыннан келе жатқан жеңілдіктерді алып тастады. Естеріңізге сала кетейін, 2011 жылы 22 шілдеде қолданысқа енген ҚР Азаматтық туралы заңының 16-1-бабы бойынша, «Жеңiлдетiлген тәртiппен (тiркеу тәртiбiмен), тұратын мерзiмiне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын: тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген ұлты қазақ адамдар өтініш берген күннен бастап, үш ай ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданады». Ал, егерде, "Халықтың көші-қоны туралы заң" күшіне енсе, онда Азаматтық туралы заң аяқ астында қалып, уақытша "оралман" мәртебесі берілетін бауырларымыз миграция тасқынымен Қазақстанға көшіп-келіп, немесе көшіп кетіп жатқан азаматтармен теңеседі. Мұның ақырында қазақ көші мүлде тоқтап, тоқырап қалуы мүмкін.

Сол үш айды көпсінген қазақтарға енді азаматтық алу үшін ҚР аумағанда тұру мерзімі «Ұлтшыл» Сенаттың көмегімен 5 жылдан 4 жылға азайыпты. Бұл неткен «жомарттық», неткен «кемеңгерлік». Тіпті алдыңғы жолы Сенат Мәжіліске қайтарғанда бұл айтулы мерзімді 3 айдан 1 жылға көтеру керек деген болатын. Ал мәжіліс оны 5 жылдан 1 жыл төмендету керек деп түсінен.
«Қарғайын десем жалғызым, қарғамайын десем жалмауызымсың» деген қазақ мәтелі осындайда еске түседі екен.

Әзірше, халықтың үміті президентте болып отыр. Себебі, шетелдегі қандастарымызды ата жұртқа оралту – Нұрсұлтан Әбішұлының ең жемісті саясаты. Ендеше, өзі бастаған көштің жолын кесу, ол кісіге мүнәсіп емес. Бұл тек президент маңын торауылдаған қазақ халқына қаскүнем топтардың жымысқы саясаты екені белгілілі. Тіптен президентіміз Н.Назарбаевтың ҚР көлік және байланыс министрі Асқар Жұмағалевті қабылдау барысында, көлік шырғалаңынан өлген адамдардың көбейіп кетуіне қарата: «Халқымызды көбейте алмай жатқанда, неге жылдан-жылға көлік апатынан өлетін адам саны артып барады» - деп қатты сауал қойғаны бар. Бұл жөнінен президент қандастарымыздың оралуы – еліміз жан санының көбейуіне оң ықпал жасағанын біледі әрі осы жолғы заңдық өзгеріске вето қояды деп сенеміз.

Бұл сұмдықты да Президент мырза білмейтін болса керек. Әрине, жан-жағын торыған берік дауалдан жәй халықтың арман-тілегі аса алмайтынын ел біледі. Тіпті Жаңаөзендегі болып жатқан шындықты Қырымбек Көшербаев ағамыз президентке айтуға жете алмағанын естігенбіз, ол кісіге қарағанда біз кімбіз?

Қақысы жоқ тоқтатуға көшімді

Ата жұртқа қандастарым өкпелі,
«Жатыр» - дейді – «өзегінен тепкелі!
Бабалардан қалған көшті тоқтатып
Алаламақ туыстарды шеттегі!»

Мұны ойласам өртенеді өзегім,
Түсінер тек мұңға толы өлеңім!
Қалай ғана ажырыатпақ туысты
Қос моторы секілді еді кеменің!

Мына адамдар, мына қулар ұсақ тым,
Асып кеткен, құлы болып нысаптың!
Қалай ғана қимақ екен біреуін
Қос қанаты сыяқты еді ұшақтың!

Деп жүруші ем қажетіңе жарайын,
Түсіне бер шамамызды, ағайын.
Нұрсұлтанға кіргізбейді жандайшап
Тек үмітпен ақ ордаға қараймын!

Нұрсұлтанның көзі мүмкін тас керең,
Кімге опа,
Ақылы жоқ тақ деген?!
Жеткізуге бардым талай дәтіңді
Кіргізбейді,
Күзетеді «постпенен».

Ойлайсыңдар нұрсұлтанды құдайдай,
Мақтайсыңдар жамандыққа қиа алмай!
Соны бәлкім түсінеді кемеңгер
Сосын қолын жатқан шығар қоя алмай!

Қол қоймауын барлығымыз да тіледік,
Милиондаған үміттерге сүйеніп.
Қол қоймайды,
Қол қойса егер Нұрекең
Біздер үшін мәңгі бақи тірі өлік!

Қандастар - ау ата жұртын аңсаған,
Қарыздармын мәңгі-мәңгі мен саған.
Шекараны жаба алмайды ешкім де
Қалыс кетіп,
Қарғыс алып баршадан!

Туған бала анасына бөтен бе –
Кіндігінен байланғанмен екі елге?!
Ана-бала бірін-бірі сағынса
Бар кедергі айналады бекерге.

Ата қоныс аңсап жатыр иесін,
Ата ұлдары іздеп жатыр жүйесін.
Аман болса қазақ деген халығым
Көшкен елдің құлатпайды түйесін!

«Нұрлы көштің» жетелеген бұйдасын,
Қол қоймайды Нұрекеңдей қимасың!
Қандасының жолын кескен пенденің
Біледі жұрт бұл пәниде оңбасын!

Қол қойса егер Нұрекеңдей сенгенің,
Түсіне бір сұмдықтың төнгенін.
Елестетіп бір жүректі бөлгенін
Бірге тіле сол апаттың келмеуін!

«Әр қазағым әр қазақтың жалғызы»,
Ау, қандастар естеріңе ал мұны.
Сендерменен лүпілдейді тек ғана
Атажұрттың әрбір күре тамыры!

Қол қойдың ба?
Ау Нұреке өлгенің,
Түсіне бер көрге ұшарын төрдегің!
Ата-бабам мұра қылған көшімді
Қақысы жоқ тоқтатуға пенденің!

Қазақтың көшін аяқтан шалды

Ау, ағайын,
Шерімді кімге айтайын?
Қазақтың көшін аяқтан шалды, байқаймын!
Жатырына шапты ар-ұяты жоқ тексіздер,
Қандастарын да саудаға салды, Сайқалың!

Азаматтық беру шектелмек екен қазаққа,
Жаң заң солай, қараңыз мына мазаққа.
Қандастың құқы келімсектермен теңеліп
Келіп-кету де,
Көшейе түспек талап та!

Күндестердің мылтығы бізге оқталды,
Тексіздердің тірлігі солай басталды!
Ұрпақтың жолын ұрылар кесті сенатта,
Мәжілсмендер мәңгүрттер тобы боп қалды!

Қазақтарға – қазақтың елі арман боп...
(Қай заманда да дәл мұндай сұмдық болған жоқ!)
«Нұрсұлтанның нұрлы көшіне» шапты жау
Парламенттен де, үкіметтен де қайран жоқ!

Құлыбаев пен Шөкеев деген өз балаң
«Қандастар» - депті - «жаңаөзен ісін қозғаған»,
Жұмыссздар да, білімсіздер де осылар,
«Квота жеген» оралман деген оңбаған!

«қатерлі» - депті - «аброй, атақ, таққа да»,
Мәсімов мырза баяндағанда патшаға.
Түсінген сірә, санымыз асса, сана өссе
Жемқор, сатқындар боларын ертең масқара.

Үкімет сосын келтірмеу жағын шешіпті,
Сорақы заңды парла мент қолдап бекітті.
Нұрсұлтан ғана қол қойса болды
бұдан соң
Қазаққа қазақ тарыс жабады есікті.

Байлық пен билік сатылып жатқан ордадан –
Беюаз елім – ай несібе тимей сорлаған.
Қызыңды күң,
Ұлыңды құл ғып келімсек
Жеті басты жемқорлар төрді жайлаған!

Залым жойттер,
Сатқын қазақтар бір түрлі –
Бәрінде сатты билігі үшін бір күнгі.
Қарусыз соғыс – жымысқы, залым саясат
Сананы жаулап, жалмап барады жұртымды.

Отарлықтың зардабын шегіп әліге,
Сатқындықтың жарасы түсті тәніме!
Қарғыс пен нәлет арқалап жүрген жауыздар
Жолығар қашан беюаз халықтың кәріне!?

Ойлан қазағым!
Болшағыңды ертеңгі,
Ұрпақты қосып, күн туды қорғар өлкеңді.
«әр қазақ менің жалғызым болсын» тіріде -
Өлгенде қазақ топырағы бассын еңсеңді!

Abai.kz

0 пікір