Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 788 0 пікір 17 Наурыз, 2024 сағат 16:24

“Шаңырақ” күні: Астанада «Бақытты шаңырақ иелері» шарасы ұйымдастырылды

Сурет Астана әкімдігі сайтынан алынды

“Шаңырақ” күнінде елордадағы Музыкалық жас көрермен театрында «Бақытты шаңырақ иелері» атты іс-шара ұйымдастырылды. Жас отбасылардың өнегелі өмірі мен шығармашылығын дәріптеу мақсатындағы мерекелік жиында баланың алғашқы қадамдарымен байланысты «тұсакесер» рәсімі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Наурыз – туыстық байланыстарды сақтауға және қадірлеуге үндейтін отбасылық мереке. 17 наурыздың тақырыбы отбасы институтының маңыздылығымен байланысты болғандықтан, туыстық қарым-қатынастарды нығайтуға себеп болады. Осы бағытта Музыкалық жас көрермен театрында 14 отбасы жемісті еңбек етіп жатыр. Шығармашылық әлемінде олардың өздерінің қолтаңбалары бар. Сондай жұптардың бірі – театрдың белді актері Саламат Мұқашев пен театр қызметкері Айдана Еңгебай. Бүгінде жас жұп екі ұл тәрбиелеп отыр. Кеш барысында кіші ұлдары Әли-Ахмет бүлдіршіннің тұсауы кесілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2055
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4915
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4113