Бейсенбі, 22 Сәуір 2021
Жаңалықтар 2270 0 пікір 3 Желтоқсан, 2013 сағат 10:52

Мұнайшыларға арналған мерекелік шаралар

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінен бастап, желтоқсан айы бойы, Атырау облысы, Мақат ауданы Доссор ауылының тұрғындары үшін жергілікті «Мұнайшы» мәдениет үйінде мерекелік концерттер ұйымдастырылады.

«Мұнайшы» - Мақат ауданы тұрғындарының ең сүйікті демалыс орындарының бірі. Дегенмен, осы «мәдениет ордасы» Атырау өңірінен өзге жерлерге де танымал. Бұл жердің сахнасында қазақстандық белгілі әншілермен қатар, шетелдік өнер жұлдыздары да өнер көрсеткен. Ең бастысы, мәдениет үйіндегі көптеген үйірмелер мен студиялар - жергілікті жастарға уақыттарын пайдалы және қызықты өткізуге мүмкіндіктер береді.

1926 жылы Ленинград сәулет институты студенттерінің күшімен тұрғызылған Доссор мәдениет үйі түрлі кезеңдерді басынан өткерді: бос тұрған кездері де, жеке адамның меншік иелегінде болған кездері де болды. Қойма қызметін де, дүкен, мейрамхана қызметтерін де атқарды. 2011 жылы Доссор мұнайының 100 жылдығы қарсаңында «Мұнайшы» мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Дәл осы кезде, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ мәдениет үйін толықтай жаңарту үшін қаржы бөлуге шешім қабылдады. Нәтижесінде, мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жасалып, жаңартылды.

Мұнда сахна, көрермендер залы, балет сыныптары мен музыкамен шұғылданатын бөлмелер толығымен жаңартылған. Бишілерге арналған зал кеңейтілген. Сонымен қатар, киім ауыстыратын орын мен душ бөлмесіне арнап, қосымша бөлмелер тұрғызылған.

Мәдениет үйінің аумағы да жақсартылған. Мысалы, мәдениет үйінің саябағына жазғы сахна мен «қытай» стиліндегі әдемі жаппа тұрғызылған.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінен бастап, желтоқсан айы бойы, Тәуелсіздік күні мен жаңа жылдық мерекелер аясында «Мұнайшы» мәдениет үйінде ұжымдар мен әртістердің есеп беру концерттері ұйымдастырылады.

Сурет №1.Доссордағы «Мұнайшы» мәдениет үйі – жергілікті тұрғындардың мақтанышы.

Сурет №3. Бимен шұғылдану үшін жарық, әрі кең балет сыныптары жабдықталған.

Сурет №4. Жылдың жылы мезгілдерінде концерттер жазғы сахнада өткізіледі.

Сурет №5. Домбыра сыныптары жоғары танымалдылыққа ие.

Сурет №06. Вокалдан мұнайшылар мәдениет үйінің директоры Оразбай Раисов сабақ бе

Сурет №8. «Мұнайшы» мәдениет үйінің ұжымы – көптеген халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары.

0 пікір