ТӘҢІРБЕРГЕННІҢ ТӘҢІРІ БЕРІП ТҰР
Парламент Мәжілісінің көптен бері бос тұрып қалған орынтағы ақыры өз иесін тапты. «Нұр Отан» партиясы саяси бюро кеңесінің қаулысымен атышулы Тәңірберген Бердоңғаров қайтадан Парламент Мәжілісінің депутаты болып бекіді. Ол бұған дейін (2011 жылдан бері) Спорт және дене шынықтыру ісі жөніндегі агенттік төрағасының кеңесшісі лауазымын атқарып келген болатын.
Басқаны қайдам, биік мінберге «Бердоңғаров қайта оралады» деп ешкім ойламаса керек. Аталмыш партияның саяси бюро кеңесінің сол шегір көзді жігітті Парламент Мәжілісінің депутаты етіп бекіту туралы шешімін жалпақ жұрт біртүрлі тосын жаңалық ретінде қабыл алды.
Расында Мәжіліс төріне қайта оралатындай Бердоңғаров кім еді? Жұрттың есінде несімен қалды. Қарапайым бұқара үшін не тындыруы мүмкін? Шын мәнінде Танирберген Маратович Бердонгаров Мәжілістің екі бірдей шақырылымында (III және IV шақырылым) депутат болғанымен халық арасында мысқалдай болса да сүйкім жинай алмаған саясаткер емес пе еді? Жаққаны былай тұрсын, тәуелсіз елдің төрінде отырып республика жұртшылығын келмеске кеткен кеңес өкіметінің әрі қазіргі Ресейдің «Отан қорғаушылар» күнімен құттықтаймын деп ұятқа қалған болатын.

Депутаттың бұл қылығы әрине жауапсыз қалған жоқ. Сол кезде экс-депутат Бекболат Тілеухан: «Мен қазір осы жерде отырып айтсам, құрметті әріптестер, «ертең 24 ақпан День флага Мексики» десем ақылға сыя ма, я болмаса «17 февраль өтіп кетіпті, содан соң кездесіп отырғанымыз осы. «Праздник фонаря Иан Сяоу в Китае» десем ақылға сыя ма? Сыймайды. Қазақстан Республикасының ешбір күнтізбесінің қызыл күнінде ақпанның 23-і дейтін мереке жоқ және ол үшін неге қол соғып жатқандарыңызды да түсінбеймін. Тәңірберген, мен сені жақсы көрем, інімсің, бірақ сен тәуелсіз Қа¬зақстанның тұсында қалыптасқан адам ретінде мұндай нәрсеге бажайлап қарауың керек. Өйткені, сен – Парламенттің депутатысың. Көшеде бір-бірін Валентин күнімен құттықтап жатқан адам емессің. Сіздер саясаткерлерсіз¬дер, Қазақстан Республикасының атынан сөйлейсіздер. Ендеше ауыздарыңыздағы сөзді бағуларыңыз керек», – деп сыбағасын берді. Біраз ұлт зиялылары «Мәжіліс депутаты Танирберген Маратович Бердонгаров депутаттарды тарихқа айналған КСРО мерекесімен құттықтап, өзінің егемен елдің депутаттығына тән емес саяси ұстамсыздық жасады. Бұны біз егемен Қазақстанның жастары, өгей депутатқа тән саяси астары бар, қитұрқы акция деп бағалаймыз. Бұл құттықтау - елдің егемендігіне күмән келтіру, тәуелсіз мемлекеттің Парламент мүшесі бола тұра елдің саяси-идеологиялық тұрпатын шайқалту деп ұғамыз. Парламент Мәжілісі депутатына тән емес және ел мандатын жеке көзқарасына пайдаланған Т.Бердоңгаров мырзаны Мәжіліс депутатының мандатынан айыру мәселесін партия төрағасы ретінде қарауды сұраймыз», – деп Елбасына Ашық хат та жазды.
Өкінішке қарай Бердоңғаров бұл шудан сабақ алған жоқ. Келесі жылы да 23 ақпан күні сол қылығын қайталап, әріптестерін «Отан қорғаушылар» күнімен құттықтап, ізінше Мәжіліс залынан шығып жүре берген-ді. Айтпақшы, Бердоңғаров мырзаның бір кездері өзінің бұрынғы ұстазын «бетіме түкірді!» деп сотқа беріп, БАҚ атаулының жұлдызы болғаны тағы бар. Рафаэль Балғинның үстінен «депутаттың ары мен абыройына қол сұқты және қызметіне кедергі жасады» деген айып тағылып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 319-бап 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.
Дегенмен бір жақты кетуге болмас, Тәңірбергеннің «Тәңір жарылқасын!» дерліктей тірліктері де болғанын айта кету керек. Өзгелер құсап «тыныш жатып, тыныш кетті» деп те айта алмаймыз. Халықтың қалаулысы атанған жеті-сегіз жылдың ішінде «Бала-бақшалардың бәрі қазақша болуы тиіс» деп жұртты таңғалдырған-тын. Араға жыл салып барып «ұялы телефондарға қазақ қаріптерін енгізу туралы мәселе көтеріп» біраз уақытқа «ұлтшыл қазақ» атана қалды. Бірақ «иттің қиы қылшықсыз болмайды» демекші қанында жоқ болған соң амал не «ұлтшылдығынан» орысшылдығы басым түсіп кеткендей ме, қалай?!
Бердоңғаровтың тәңірі жарылқап Мәжіліс төрінде түкірігі жерге түспей жүрген кездері «Мен небәрі 28 жасымда депутат болғанымда «жас баланың қолынан не келеді?» деушілер де табылды. Бірақ, осындай пікір білдіретіндер, менің күндіз-түні еңбек ететіндігімді қайдан білсін?», – деп шіреніп сұхбат бергені бар-тын. Қолыңда болса шіренген жақсы ғой, бірақ сол мырзамыз 28 жасында «бас» болғанымен отыздан асып орда бұзар шағында орда емес керісінше ұстазының «мұрнын бұзумен» ғана шектелді. Бірақ онысына «мыңқ» деген де жоқ. Мемлекеттік тілді қашан үйренесіз деген сауалға «Қарап жатқан жоқпын, үйреніп жүрмін. Қазақша білмегенім үшін өзімді кінәлағым келмейді. Оған тарих кінәлі» деп сірескен күйі «зейнетке» шыққан болатын. Сұмдық жолы болғыш жігіт екен. Сонау бір жылдары (2004 жылы) Жармахан Тұяқбай Мәжіліс¬тен өз еркімен кеткенде құдайы беріп бос тұрған орынтаққа топ ете қалып депутат атанған Бердоңғаров араға екі жыл салып қайтадан атқа қонып жатыр. Бұл жолғы келісі де тура солай болды. Тек кетуі де солай болып жүрмесе болғаны.