Дін саласының өзекті мәселелері туралы байқау өтеді
Дін саласындағы өзекті мәселе қозғау арқылы байқауға қатысуға шақырамыз!
2024 жылғы 10 сәуірде Алматы қаласында Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша «JASTAR» дамыту орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Бірнеше номинациялар бойынша дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды (мақалалар, әлеуметтік роликтер және т.б.) дайындау байқауы» бойынша баспасөз конференциясы өтті.
Конференция барысында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының өкілі Бақдәулет Халилуллаұлы байқауды ұйымдастырудағы мақсат-міндеттері, байқау шарттары мен ережесін таныстырды. Байқауды ұйымдастырудағы мақсат – жұрт назарын дін саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелеріне аудару. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы халықты дін саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттары мен экстремистік және радикалды діни ағымдар идеологиясының зияндылығынан хабардар ету. Журналистер мен БАҚ-ты, сондай-ақ дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша материалдар жариялайтын басқа да тұлғаларды қолдау.
Ережеге сәйкес байқау 10 номинация бойынша өткізіледі. Жалпы жүлде қоры – 3 050 000 теңге.
Байқауды ұйымдастырудағы мақсат – жұрт назарын дін саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелеріне аудару. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы халықты дін саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттары мен экстремистік және радикалды діни ағымдар идеологиясының зияндылығынан хабардар ету. Журналистер мен БАҚ-ты, сондай-ақ дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша материалдар жариялайтын басқа да тұлғаларды қолдау.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- Интернет-ресурстағы қазақ тіліндегі үздік мақала;
- Интернет-ресурстағы орыс тіліндегі үздік мақала;
- «Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик;
- «Тикток» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик;
- үздік әлеуметтік бейнеролик;
- Digital Art шеңберіндегі үздік фотожоба;
- Үздік өлең;
- Үздік үндеу және ұран;
- Үздік пікір;
- Әлеуметтік желілердегі үздік тақырыптық пост.
Байқауға 16 жастан жоғары Алматы қаласының барлық тұрғындары қатыса алады.
Байқауға қатысу үшін қатысушылар өз жұмыстарын және өздері туралы ақпаратты almaty.baiqau.2024@mail.ru электронды мекенжайға осы жылдың 1 қазанына дейін жолдай алады. Байқау туралы толық ақпарат пен әр номинация бойынша талаптарды Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының ресми сайты мен @din_almaty ресми аккаунтында жарияланған ережеден көре алады.
Abai.kz