Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2911 0 пікір 5 Желтоқсан, 2013 сағат 04:56

Ауыт Мұқибек. ТАТАР МҰҢЫ

Қазақстанның телеарналарындағы «Қазақстан дауысы», «Түңгі студия» секілді бағдарламалардан әбден мезі болғаным сонша, татымсыз көп шуылдақтан қашып, әсем әндерін тыңдағым келіп, алыстағы Татарстанның «Жаңа ғасыр» деген каналын көретін болдым. Олардың қазіргі күнін Құдай ешкімнің басына салмасын, орыстың отарында отыр ғой. Соған қарамастан, сол бауырлар жұмыр жердің бетінде қайтсек татар болып қаламыз деп, күндіз - түні арпалысып жатыр. Жасының да, жасамысының да айтатыны осы бір түйін ғана. Ескі әндерін  кемпірі мен шалы болса да жиып алып айтқызып, экранға шығарумен келеді.

Кеше ұйқым келіңкіремей, түнгі сағат бірлердің шамасында сол «Жаңа ғасырды» ашып қалсам, «Жаңа ғасыр»  көші-қон мәселесін сөз етіп жатыр екен. Бұл дегеніңіз менің және менің қандастарымның ең бір дуылдап қышып тұрған жері ғой, ары қарай тыңдап кеп кеттім. Студияда екі жүргізуші тізгін ұстаған. Қонақ - жетеу. Бүкіл әлемге тарыдай шашырап кеткен татарлардың тіршілігін шемішкеше шағып отыр. Бір жас жігіт:

– Көші - қон, ол –  саясат, ол – өркениет, ол - идеология! Қытайда 20 мың қандасымыз бар, оларда ұлттық салт - сана, ғұрып, әдеп таза сақталған. Солардың біреуін қалдырмай көшіріп алуымыз керек! – дегенде жылап жібердім.

Сосын, қонақтардың ішінде бір қыз отыр. Өзі шетелден келіпті, Отанына. Жаңылмасам, Ауғаныстаннан-ау деймін. Қазандағы Татар журналистикасында оқиды екен. Жүргізуші жігіттің біреуі оны сөзге тартып:

– Бұл қарындасымызды біз осы телеарнаға жүргізуші етіп алсақ, бүкіл дүниежүзіне хабар таратып, қандасымыз ең бір сүйкімді жанға айналады. Ал, көшеде автобусқа билет саттырып қойсақ, не болады? – дейді көзінен от ұшқындап.

Айтыстарына қарағанда, ол елдегі көші - қон бір тәртіппен, жалпы Ресей жағынан басқарылатын көрінеді. Енді татар ағайындар соған қарсы. Татарстанның өзіне тән, бөлек көші - қон заңы болу керек деп жатыр.

Бір қызығы, олардың да басты қаупі қытай екен. Қазақстанға қытайдың көптеп кіріп кеткені алаңдататын көрінеді. Тілдерінен менің үзіп - жұлып түсінгенім солай.  

Я, Алла, сол бауырлас халықтың тілеген тілегін оңғарып, азат күнге жеткізе гөр!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345