Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3618 0 пікір 5 Желтоқсан, 2013 сағат 10:52

Өнімді еңбек - табыс кепілі

Мұнайшылар жұмыс күндерінде үйлерінен жырақта жүреді, сондықтан да, олардың  еңбек  ету  жағдайлары мен демалыс уақыттары жақсы, әрі жайлы болуы аса маңызды. Атырау облысындағы«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның мұнайшылары вахталық әдіспен жұмыс істейді.  Мысалы, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның  еншілес компаниясы «Ембімұнайгаз» АҚ-ына қарасты  «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы  бес кен орнына қызмет көрсетеді.  Олар: Шығыс Молдабек , Уәз, Қондыбай, Б.Жоламанов және Солтүстік Қотыртас кен орындары. «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасына 6 цех пен 8 учаске кіреді.  Мұнда қызметкерлер вахталық әдіс бойынша 14 күннен, екі ауысымда жұмыс істейді.  

урет  №1) Мұнайшылардың ауысым арасында жақсы демалуы үшін, вахталық қыстақта барлық  жағдай жасалған.  Жатақхана ыстық және суық сумен қамтамасыз етілген. Ол  монша,  кір жуатын орын, бос уақытты өткізуге арналған бөлмелер мен өзінің ас үйі және  наубайханасы бар асханамен жабдықталған. Өндірістік нысандардың кейбірі вахталық қыстаққа жақын маңда орналасқан. Қашықтықта орналасқан ұңғымаларда жұмыс істейтіндерге, ыстық түскі ас уақытында, дәл сол жұмыс орнына жеткізіледі. 

урет №2) Бұл аумақта тұщы су жоқ. Оны  біраз алыс қашықтықтан  тасуға тура келеді, әсіресе, мезгіл аралық уақытта немесе жауын-шашын болған кездерде жолда  жүру қиындап кетеді.   Вахталық қыстақты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, мұнда екі заманауи су тазартқыш, әрі тұщытқыш құрал орналастырылды. Күніне, әр тұщытқыш, қырық  текше метр таза ауыз суын береді.

Мұнда жақсы жабдықталған медициналық  пункт бар. Әр ауысым алдында  барлық қызметкерлер міндетті түрде  медициналық тексерістен өтеді. Қажет болған жағдайда осы жерде алғашқы жәрдем де көрсетіледі.  Дәрігер көмегінсіз мүмкін болмайтын жағдайларда, науқастарды аудан орталығына жеткізу үшін тұрақты түрде үш арнайы көлік кезекшілік етеді.

(Сурет №4) Ғимарат ішінде және  ашық аспан астында жұмыс істейтін жұмысшылардың барлығы дерлік  арнайы киіммен қамтамасыз етілген. Қысқы және жазғы киімдердің жинағы мен арнайы аяқ киімдер де бар. Арнайы киімдерде компания логотипі бейнеленген.  Сондықтан да,  «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының қызметкерлерін алыстан -ақ  байқауға  болады.

урет №5) Мұндай жағдайлар барлық қызметкерлерге көрсетілген. Бұл «әлеуметтік жауапкершілік» компанияның табысты еңбегінің басты құрамдас бөлігі болып табылады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345