Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2085 0 пікір 15 Қараша, 2013 сағат 09:48

Жаңаөзен: Арнайы қорға ақша түсіп жатыр

Жаңаөзен оқиағысында зардап шеккен азаматтарға көмек беру жұмысы алдағы уақытта да жалғасатын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев мәлім етті.

«Біз Жаңаөзен оқиғасында қайтыс болған азаматтардың отбасыларына және зардап шеккен адамдарға көмектестік, әлі де көмектесіп жатырмыз, болашақта да көмектесетін боламыз. Себебі барлық жаралар жазылуы үшін уақыт қажет», - дейді әкім. Оның айтуынша, қазіргі кезде арнайы қор құрылып, оған жан-жақтан ақша аударылып жатыр. Сол қаржыға Жаңаөзен оқиғасында зардап шеккен азаматтарға көмек беру көзделген. «Мәселен, аталған қордың есебінен жесір қалған екі әйелге пәтер сатып алып берді. Сосын тағы бір адамның несиесі жабылды. Біз болсақ, төрт баласымен қалған Аманжол Әбдешев деген азаматқа Рақат кентінен жер телімін бөліп бердік. Ал халық асар жасап, оның үйін көтеріп берді. Енді, барлығын қамту мүмкін емес қой. Дегенмен, көмекке барынша мұқтаж азаматтарға тиісті қолдау шаралары жасалады. Мен өзім бақылайтын боламын», - деді А.Айдарбаев.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443