Қаржы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
Ақтауда қаржы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға мерейтойлық медальдар, омырау белгілері, алғыс хаттар тапсырылды. Маңғыстау облысының әкімдігінде үздік 30 қызметкер мен қаржы жүйесінің ардагерлеріне құрмет көрсетілді.
«Маңғыстау облысына 40 жыл» мерейтолық медалі алты ардагер мен екінші деңгейлі банк қызметкерлеріне тапсырылды. Облыс әкімі қол қойған алғыс хаттар бес бас маман мен түрлі мекемелердің кассирлеріне тапсырылды. «Қаржы қызметінің үздігі» төс белгісі облыстық қаржы басқармасының басшысы Марина Әлібековаға, облыстық салық департаменті жетекшісінің орынбасары Жанна Доржығұловаға, Ақтау қаласының салық басқармасы жетекшісінің орынбасары Андрей Смирновқа және тағы басқа жеті қаржыгерге табыс етілді. Қаржы министрінің алғыс хатымен Ақтау, Жаңаөзен және Қарақия ауданы қаржы бөлімдерінің жетекшілері марапатталып, алтауына облыс әкімінің мақтау грамоталары берілді.