Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2999 0 пікір 17 Қараша, 2013 сағат 14:07

Ақтаудағы жәрмеңке

Ақтауда ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні құрметіне Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ ұйымдастырған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді.

«Жәрмеңкеге келушілерге жаңа сойылған жас ет, сүт өнімдері (шұбат, айран), жеміс-көкөніс, бақша өнімдері сияқты тауарлардың мол түр-түрі ұсынылды. Тауарлардың бағасы қала базарларындағыдан 10-15 пайызға төмен. Жәрмеңкеге 10 қалалық және 40-тан астам облыс аудандарының өндірушілері мен кәсіпкерлері қатысты», - деп хабарлады «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің өкілі Эльмира Бердәулетова.

Сауда-саттыққа қатысушылар арасында «Үздік тауарлар түрлері», «Ең жас сатушы», «Ең көп сатылым» аталымдары бойынша конкурс өткізіліп, жеңімпаздарға жүлделер тапсырылды. Сондай-ақ «Каспий» ӘКК тұрмысы төмен отбасылары мен мүгедектер отбасыларына азық-түлік өнімдерін үйлеріне жеткізіп берді. Қайырымдылық акциясына жәрмеңкедегі барлық кәсіпкерлер белсене қатысты.

«Жәрмеңке жергілікті өндірушілердің өнімдерін өткізуге қолайлы жағдай туғызу және тұрғындарды қолжетімді бағадағы өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды», - деді «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ибрагим Тағашев.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1033
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2579
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 719
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 683