Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
2881 3 пікір 22 Сәуір, 2024 сағат 20:02

Қазақстан TikTok желісіне шектеу қоюы мүмкін

Сурет: primeminister.kz

Қырғызстаннан кейін Қазақстан да TikTok желісіне шектеу қоюы мүмкін. Бұл туралы Qaz365kz жазды.

«Көрші елдердің тәжірибесін қарап отырмыз. Шынымен де қазіргі таңда құқық құзушылық фактілер өте көбейіп кетті. Оны өздеріңіз де көріп отырсыздар. Мұндай дүниелер ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп төндірсе, әлбетте бұғаттауға мәжбүрміз. Әлі алгоритимі жоқ. Нақты шешілген жоқ. Қарастырылатын мәселе», - дейді Аида Балаева.

Ал депутат Ерлан Сайыров әлеуметтік желілер пайдалы білім алып, үнемі қозғалыста болуы тиіс балалардың алтын уақытын ұрлағанымен қоймай, олардың денсаулығына, психикасына да теріс әсер етіп жатыр деп айтты.

Бұған дейін Қырғызстанда TikTok желісіне қолжетімділік шектелетіні айтылған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 942
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2427
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 646
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 629