Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 867 0 пікір 21 Сәуір, 2024 сағат 18:51

Журналист - қауіпті кәсіп!

Сурет: kp.ru

Американы президент төрт жыл басқарса, ал журналистер – мерзімсіз мерезімде басқарады. (Томас Джефферсон)

Журналист болу дегеніміз не? Жұрттың бәрі айтып жүргендей, ерекше қаржыны, күш-жігерді, жауапкершілікті талап етпейтін мамандықтардың бірі ме? Таяз ойлатын жандардың бәрі сөз ететін өмірдегі ең жеңіл-желпі жұмыстардың бірі ме?

Дәл осындай таным-түсініктің кейбіреулердің санасына мықтап сіңгенінің себебі де алуан түрлі болып келеді. Біздіңше, осы себептердің бірі аталған мамандық иелерінің қашанда ел-жұрттың көз алдында оқиғаның қайнаған ортасында жасындай жарқырап жүруімен байланысты. Журналистер көпшілік алдында теледидар арқылы жиі сөз сөйлейді не болмаса арнайы сайттарға арналған мақалалар жазады. Осының бәрі жиылып келгенде өй бұлардың жұмысы оңай және баршаға қолжетімді деген жалған әсер қалдырады.

Бұла арада біз атап өтетін, екінші себеп олардың жасаған жұмыстарының көзге көрінбеуінде жатыр. Журналистиканың ақпарат жинау, талдау, фактілерді тексеру және материалдарды дайындау сияқты көптеген аспектілері ол жыртысын жыртып жүрген қоғамның назарынан тыс қалуынан туындайды.

Үшінші, яғни, ең басты себеп – мәселенің байыбына бармайтындардың тарапынан туындайтын осы мамандықтың басты бәйгеге тігетін барлық тәуекелшілдігін түсінбеушілік болып табылатыны да жасырын емес. Сонымен аталған мамандық неліктен қауіпті? Бұл сұраққа өз дәлелдерімізді нақты фактілермен және кәсіби бақылауларымызбен бекемдеп, жауап беруге тырысып көрейікші!?

Журналист мамандығының асқан қауіптілігін екі аспектіге бөліп қарастыруға болады. Оның біріншісіне - журналистің кәсіби қызметін жүзеге асыруы барысында оның денсаулығынан не өміріне төнетін тікелей қауіп-қатерді жатқызамыз. Мұндай қауіптің бар екенін ашық мойындауымыз керек. Әрі тап осындай қауіп-қатерге көбіне зорлық-зомбылық, сыбайлас жемқорлық және адам құқықтарын қорғау деңгейі аса жоғары елдерде өз кәсіби қызметін адалдықпен жүзеге асыратын әскери тілшілер, сондай-ақ журналистер ұшырайды.

Журналистердің қоғамнан ақиқат шындықты жасырғысы келетін ықпалды тұлғалар немесе ұйымдар тарапынан қауіп-қатерге және қысымға ұшырауы әбден мүмкін екендігі жасырып жабуға болмайтын шындық. Сандық технологиялардың дамуы нәтижесінде журналистерге кибершабуыл, хакерлік соққы және онлайн бақылау жасала бастады. Осыған байланысты олардың жеке архивіндегі біреулерді әшекерлеп, айкәпір атандыратын материалдары деректер таналып, ұрлана бастады.

Өздерінің кәсіби қызметі барысында ұрыс қимылдары аймағында не болып не қойғанынан жұртты хабар етіп қана қоймайды. Сонымен бірге ұрыс қимылдары аймағындағы тағдырдың тәлкегінде қалған бейбіт тұрғындардың өмірі мен тұрмысында қалам ұшына іліктіріп, әлемдік қоғамдастыққа әскери қимылдардың жұртқа тигізген салдарын түптей қазып жеткізетін әскери тілшілер көбінесе жеке басына шабуыл жасауға, тұтқындалып пенде болу тіпті көзін жымын білдірмей жоя салу қаупіне ұшырайды.

«Журналистерді қорғау комитеті» халықаралық ұйымының статистикалық деректері бойынша 2023 жылы бүкіл әлем бойынша 99 журналистің қаза тапқаны мәлім болды. Бұл көрсеткіш 2015 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш және 2022 жылмен салыстырғанда 44% -ға артық болып отырған жайы бар. Сондай-ақ, Латын Америкасы, Азия және Африка сияқты кейбір өңірлер зорлық-зомбылықтың, сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейіне және адам құқықтарын қорғаудың жоқтығына байланысты журналистер үшін аса қауіпті аймақтар болып табылады.

Тіпті біздің Қазақстанда да адам құқықтарын қорғаудың жоқтығы оқиғалар журналистерге қатысты да байқалып қалады. Тап осындай оқиғаның санатына «31 арна» ТРК журналисі Жұлдыз Төлеуова мен оператор Бауыржан Смағұловтың басынан өткен тағдыр тәлкегін жатқызуға болады.
Түйіндей айтатын болсақ, журналист мамандығын қауіпті деп санауға бола ма? Деген сауалға берер жауабымыз: «Иә!». Әрі бұл сөзімізге өзіміз жоғарыда айтып өткен жағдайлар мен фактілер дәлел бола алады.

Өз басым: «журналист мамандығының қауіптілігін екі аспектіге бөлуге болады»,-деп жоғарыда айтып өткенімдей, мақаламда журналистік қызметтің қауіптілігінің екінші аспектісіне қатысты ой толғағым келеді.
Журналист кәсібінің қауіптілігінің екінші аспектісі журналистің жеке басына түк қатысы жоқ, тек қалап алған мамандығына байланысты ол өмір сүріп отырған қоғамдағы белгілі бір құқықтық қатынастарға орай оған қауіп төндіреді.

Қазіргі өмірде БАҚ биліктің төртінші тармағы болып табылатыны әмбеге аян. БАҚ арқылы қоғамның ақыл-ойы мен көңіл-күйіне әсер етіп, қараны ағартып, керісінше ақты қарайтын өмір шындығы туындады.

Яғни, жасырып жабатыны жоқ кейбір әріптестеріміз БАҚ бетперде қылып, түрлі айла-шарғылар жасап, нақты фактілерді жасырып, не болмаса, орынсыз бұрмалап, соның нәтижесінде қоғамда және мемлекетте қандай да бір шешімдер қабылдауға ықпал етеді. Осы арқылы белгілі бір адамның немесе белгілі бір топтың мүддесіне лобби жасап, тұтас қоғам мен мемлекеттің мүддесіне нұқсан келтіруі де әбден мүмкін.

Журналистер арасында тап осындай «ала қойды бөле қырқатындар» бар және олар өздерінің лаңды ақпараттық шабуылдар арқылы елдің тұтастығына қауіп төндіріп, қоғамды хаос пен тәртіпсіздікке ұшыратады. Міне, осындай мысық тілеу әріптестеріміз БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық шабуылдарды дүркіндетіп, қоғамды хаос пен тәртіпсіздікке үндеп, соның салдарынан тұтас мемлекеттің тұтастығына қауіп төнетін жағдайлар көп орын алатындығын да жоққа шығара алмаймыз.

Осындай қауіптің пайда болуы салдарынан 2022 жылы біздің елді хаос пен жаппай тәртіпсіздікке ұшырады. Бейбіт халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген, олардың меншігінен айырылдырған «Қаңтар оқиғаларын» осы санатқа жатқызуға болады деп санаймыз.

Шынында да, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде біз еліміздің билік құрылымдарында проблемалар бар екенін, мемлекеттің негізіне нұқсан келтіретін сыбайлас жемқорлық көріністері бар екеніне бей-жай қарамауымыз керек. Сонымен қатар, өз еліміздің азаматы ретінде біздің де өз ұстанымыз, өз түсінік-пайымымыз бар. Мемлекеттің мойына мініп алып, әлеуметтік төлемдер есебінен өмір сүруге үміт артпай адал еңбегімен тіршілік ететін әрбір адам мемлекеттен тұрақты көмек күтпейтіні әбден түсінікті. Сол себепті олар лайықты өмірге қашанда үміт арта алады. Осы арада менің қадап айтарым, өз отбасым еліміздің билік құрылымдарының өкілі емес, ата-анам қарапайым қызметшілер болып табылады. Олар күнделікті адал еңбегімен біздің лайықты өмір сүруімізді қамтамасыз етіп, лайықты білім алу құқығымызды іске асыруға қол ұштарын бере алды.
Осылайша, Қазақстан қоғамының бір мүшесі ретінде өз басым біздің елімізде шешілмеген кейбір проблемалар бар деген нақты азаматтық ұстанымдамын. Осы орайда аталған проблемаларды шешу үшін бейбіт халықты тәртіпсіздік пен тәртіпсіздікке ұшыратудың қажеті жоқ деген қисынды ойымды алға тартқым келеді.

«Қаңтар оқиғалары» барысында террористік топтар біздің мемлекетіміздегі проблемаларды пайдалана отырып, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттық шабуылдар жасап, бұл проблемаларды халықты төңкеріске шақырған дейін көтере білді.

Осыдан қоғамның жаңалықтары мен проблемаларын жариялау функциясын өз мойнына алғандар арасында алдыңғы шепте бірінші кезекте журналистер жүреді. Міне осыған орай қоғамның жаңалықтары мен проблемаларын жариялау функциясын өз мойнына алған тараптардың әрқайсысының өзін тыңдата білуі, нақты қалыптасқан жағдайдан жан-жақты хабардар болуы, болып өткен оқиғаға объективті баға бере білуі, білімі мен жауапкершілігі болуы тиіс деген қорытынды жасауға болады. Сонда ғана олардың қызметінің нәтижесі жаманшылыққа емес, қоғамның игілігіне қызмет етеді.
Менің пайымдауымша, журналистика - дәл ақпарат алу және оны әділ және әділ түрде халыққа ұсыну өнері болып табылады. Тек білімнің күші мен жалпы адами парыз және азаматтық жауапкершілік қана бізді құйтырқы саяси ойындар мен мәңгүрттендіруден қорғай алады. Біздің әрқайсымызда қоғамда нышан берген ел-жұрттық алаңдаушылық белгілерін тани білушіліктің ақыр аяғы болашақта бүкіл елді ертеңгі хаостан сақтаудың іргетасын қалайды.

Менің ойымша, қолындағы бар қаруы тек қойын дәптері мен қаламсап болса да, ақ жүректі қауым үшін нағыз әділ жан, қолының қараулығы барлар үшін әзірейілдей қорқынышты жан, тамаша ақпараттық және талдамалық дағдыларға ие журналистер нағыз қаһармандар болып саналады.

Сондықтан, осы бір асқан қиын, бірақ қоғам дамуы үшін игілікті мамандықтың иелері қандай құрметке болсын лайық. Дәл осы бағалы қасиеттер мені журналист мамандығының сиқырымен арбады десем, шындықтың аулынан еш алыс кетпегендігім. Егер қажет болса, барлық қиындықтарға қарамастан, әділдіктің, ізгіліктің, қоғамдық тәртіптің күзетінде тұрған журналистерді біздің заманымыздың қас батырлары деп санаймын. Дәл осы мамандық иелері қоғамдық пікір қалыптастыруда өз үлестерін молынан қосып жүрген жайы бар. Қоғам келбетін журналистің қалай қиыстырып беруі оның ары мен азааматтық борышының борометрі болып табылады. Бұл ретте мен әрбір журналист өзі жұртқа жария еткен ақпаратқа толық жауапкершілікпен және адал көңілмен қарауы тиіс деп есептеймін. Өйткені, не біліп, не білмей жазған, шындықты жалпағынан басып, жалғандықты ақиқатқа балап, саусақтан сорғандықтың ақыры мұқым мемлекет пен қоғамның тұтастығы мен қауіпсіздігіне жақсылық та, зиян да әкелуі мүмкін.

Пердекожина Тасним Дінмұхаммедқызы,

Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның 11«Ә» сыныбы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5348