Жұма, 22 Қараша 2024
1139 2 пікір 23 Сәуір, 2024 сағат 19:55

Әлиев: Әзербайжанның ЕАЭО-ға кіру жоспары жоқ!

Сурет: report.az

Армения мен Әзербайжан сыртқы істер министрлерінің кездесуі Қазақстанда өтеді деп жоспарлануда.

23 сәуірде Әзербайжан Дипломатиялық Академиясының Университетінде "COP29 және Әзербайжан үшін жасыл көзқарас" тақырыбында халықаралық форум өтуде. Жиын барысында ел президенті Ильхам Әлиев кездесуді Қазақстанда өткізуге келісім берген.

"Қазақстан бізге Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлерінің кездесуін өткізу туралы ұсыныспен жүгінді, біз бұған келістік және егер Армения да келіссе, кездесу Қазақстанда өтеді деп келістік", - деді Әлиев Бакуде өткен халықаралық конференцияда.

Әзербайжан басшысы өз сөзінде елдің ЕАЭО-ға кіруді жоспарлап отырған жоқтығын да атап өтті.

"Әзербайжанның ЕАЭО-ға кіру жоспары жоқ...", - деді Әлиев.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1458
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282