Жұма, 22 Қараша 2024
1226 0 пікір 24 Сәуір, 2024 сағат 11:43

Тасқыннан кейінгі залалсыздандыру жұмыстары басталды

Сурет: krisha.kz

Соңғы уақыттары елдегі болып жатқан төтенше су басу жағдайынан кейін көптеген үйлер мен малдар да су астында қалды. Бұл дегеніміз өз алдына бір бөлек, өлікселерден бөлінетін улы инфекциялардың таралуын білдіреді. Осы жағдайдың алдын алу мақсатында Ақтөбе облысында инфекцияның таралуына жол бермеу үшін су басқан аумақты жаппай залалсыздандыру жұмыстары басталды.

Бұл жұмысқа радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс бөлімшелерінің қызметкерлері жұмылдырылған. Әскерилер тасқын шайған бес мыңнан астам гектар жерді дезинфекцияламақ.

"Жұқпалы аурулардың, оның ішінде ішек аурулары бірінші кезекте. Соларды жұқтыруы мүмкін. Аурулардың таралуын алдын алу мақсатында осы су тасқынынан кейінгі шаралар жүргізілуде. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласы бойынша сумен жабдықтау объектілері біздің қадағалауымызда екенін айтып өткім келеді. Су тасқыны кезінде бұл объектілердің су көздерін су басқан жоқ", – деді Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы назима Сербаева.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5299